Өскеменде қыздар қатарласына буллинг жасаған

Мектеп жасындағы қыздар құрбысын бейәдеп сөздермен қорлап, тізерлетіп кешірім сұратқан

Мадина Қайнарова

  • 07.10.2024

ШҚО-да қыздар арасында болған жанжалдың бейнежазбасы әлеуметтік желіде таралып жатыр. Оқиға Зайсан ауданында болған.

Мектеп жасындағы қыздар құрбысын бейәдеп сөздермен қорлап, тізерлетіп кешірім сұратқан. Сондай-ақ бейнежазбадан жасөспірімдердің шылым шегіп отырғанын көруге болады.

ШҚО Білім басқармасының хабарлауынша, қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

- Бұл оқиға бойынша жұмыстар басталды. Тергеу жүріп жатыр, - деді басқарма басшысы Иннеса Чернышёва.

Полиция департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

- Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұзақылық жасаған жасөспірім қыздар мектепішілік есепке қойылып, әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізілді. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың ата-аналарын балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

ШҚО-да былтыр қыздар төбелесі қоғамда үлкен резонан тудырып, екі жасөспірім сотталып кеткен болатын.

Фото: secretmag.ru

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Үлкен Нарын ауылында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі

15.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Үлкен Нарын ауылында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі