Шымкенттегі қонақ үйлердің бірінде асаба Сабыржан Түзелбаев есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен ұсталды, деп Malim.kz тілшісі Qaz365.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның жазуынша, Шымкент қаласының полициясы қонақ үй бөлмесін тінту кезінде ақ түсті ұнтақ тәрізді және өсімдік тектес заттарды тәркілегенін хабарлаған. Ұсталған азамат оларды жеке қолдану үшін сатып алғанын айтқан.
Тәркіленген заттардың нақты құрамы мен мөлшері әлі анықталып жатыр. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.