freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы әуежайында ұшақтан өрт шығып, бір қызметкер жараланды

Оқиға
Алматы әуежайында ұшақтан өрт шығып, бір қызметкер жараланды
Фото: Павел Михеев/Liter.kz

28 тамызда Алматы халықаралық әуежайында жоспарлы техникалық тексеруден өтіп жатқан FlyArystan ұшағынан өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға кезінде әуе кемесінің бортында жолаушылар да, экипаж мүшелері де болмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт кезінде компанияның бір қызметкері жарақат алған.

Air Astana компаниялар тобы ұшақтан өрт шыққанын растады. Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт ошағы бірден сөндірілген. Зардап шеккен қызметкерге оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.

Air Astana компаниялар тобы 28 тамыз күні Алматы халықаралық әуежайында FlyArystan ұшағынан өрт шыққанын растайды. Өрт ошағы бірден сөнді, ал жараланған адамды дәрігер шұғыл қараған. Қазір қызметкер ауруханадан шықты, – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Оқиғаға байланысты әлеуметтік желілерде де ақпарат тарады. Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, ұшақ техникалық тексеруден өтіп жатқан кезде оның ішінен түтін шыққан. Сол сәтте бортта жолаушылар мен экипаж болмаған.

Қазіргі таңда өрттің нақты неден шыққаны және оқиғаның өзге де мән-жайлары анықталып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу