«Тарихымыз бен мәдениетімізді паш ететін мүмкіндік». ШҚО-да құсбегілер фестивалі аяқталды

Фестивальде Жетісудан келген бүркіт ешкімге дес бермеді

Мәди Саматұлы

  • 12.10.2024

ШҚО Бозанбай аулында «Шығыс салбурыны – 2024» халықаралық құсбегілер фестивалі аяқталды. Екі күн бойы бес елден келген ит ұстап, құс салатын саятшылар араларында үздіктерін анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Барлығы 67 бүркіт, 22 ителгі, 13 қаршыға сайысқа түскен фестивальде ресми сайыстардан бөлек, халқымыздың салт-дәстүрін паш ететін қазақ ауылы құрылып, 20-дан аса киіз үйде қазақтың ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдарынан жәрмеңке ұйымдастырылды.

Президенттің баспасөз хатшысы әрі республикалық «Құсбегілік» федерациясының президенті Берік Уәли шараның өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, 5 мыңға жуық халық жиналғанын ерекше атап өтті.

Біз осындай фестивальдердің республикада өтіп жатқанына өте қуаныштымыз. Олар туризмнің дамуына ықпал етеді және шетелдік қонақтарды еліміздің дәстүрлері мен тарихымен таныстырады. Фестивальдің жоғары деңгейде өтуі Шығыс Қазақстан облысы басшылығының еңбегі. Бүгінгі таңда аң аулайтын құстардың үш түрі қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Жалпы, Президент атап өткендей, көшпенділер ойындарының бағдарламасына енген осындай ұлттық жарыстар олимпиадалық деңгейге шығуы тиіс, деді Берік Уәли.

Сондай-ақ, федерация президенті ШҚО әкімдігінің қолдауымен аты әлемге танылған бүркітші қыз Айшолпанға екі бөлмелі пәтер кілтін табыс етті.

altainews.kz

фото: altainews.kz

Айта кетейік, халықаралық дәстүрлі спорт додасын тамашалаған облыс басшысы Ермек Көшербаев та фестивальдің қызықты өтуіне өз үлесін қосып, елге етене таныс «Ерке сылқым» күйін заманауи стильде әрленген әуенмен көпшілік алдында тартып берді.

ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, бұл тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар, біздің тарихымыз бен мәдениетіміздің сұлулығы мен әлеуетін көрсететін мүмкіндік.

фото: altainews.kz

Әрбір қазақ үшін жылқы, бүркіт, тазы оның рухының ажырамас бөлігі. Сонымен қатар, құс салу ежелгі заманнан бері Алтай тұрғындарының мәңгілік дәстүрі. Ата-бабаларымыз бүркітті «қасиетті құс» ретінде қастерледі және бүгінде жыртқыш құстармен аң аулау өнері ұлттық брендке айналып келеді. Біз үшін дәстүрлерді жаңғыртуға өз үлесімізді қосу және Көшпенділердің әлемдік мәдениетін қолдау өте маңызды, сондықтан екінші жыл қатарынан «Шығыс салбурыны» халықаралық фестивалін өткізіп отырмыз. Бүгінгі жарыстарда жеңілгендер жоқ, барлық қатысушы жеңімпаз болып табылады, өйткені ата-бабаларымыздың тарихын жаңғыртуға бірге үлес қосып жатырмыз, деді ол.

Екі күнге созылған жарыста бүркіт салу бойынша Жетісу облысынан келген құсбегі Сәлімхан Ерғазыұлы бірінші орынды иеленді. Екінші орынды елордадан келген Күнтуған Серікбек қанжығаласа, үшінші орын Ақмола облысының өкілі Ерлан Кенжетаев пен Алматы облысынан келген Олжас Бердімұратқа теңдей тиді.

Қаршыға салуда Астанадан жеткен Ерасыл Серікбекұлы бәрінен озды. Алматы облысының өкілі Ермұхан Бәйетбай екінші орын алса, үшінші орынды Жамбыл облысынан келген Жамбырбек Бердияр мен Бабажан Берікболсындар өзара бөлісті.

Сұңқар мен ителгі жарысында қарағандылық Таңат Оспанқұловтан озар ешкім болмады. Әуелгі екі орын соның еншісіне бұйырды. Ал үшінші орынды Қарағанды облысының өкілі Темірәлі Төлегенұлы мен Павлодар облысының құсбегісі Иманзайып Ермек алды.

Фото: Malim.kz

Байланысты жаналықтар

Бұқтырма су қоймасында балықшылар суға батып кетті

18.11.2024

Өскеменде студенттер экологиялық сауаттылығын арттырады

30.10.2024

Елімізде қайтыс болған донордың ағзасы 4 адамның өмірін сақтап қалды

28.10.2024

Бұқтырма су қоймасындағы көпір салтанатты түрде қолданысқа берілді

25.10.2024

Олжас Бектенов Бұқтырма арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпірді ашты

21.10.2024

ШҚО-да қызметкерлеріне 4 млн теңге жалақы төлемеген кәсіпорын жазаланды

20.10.2024
MalimBlocks
Бұқтырма су қоймасында балықшылар суға батып кетті

Бірі 31-де, екіншісі 38 жаста

Өскеменде студенттер экологиялық сауаттылығын арттырады

«Таза Қазақстан» бағдарламасы бойынша 204 саябақ пен сквер, 323 тарихи-мәдени ескерткіш пен 859 әлеуметтік нысан тазартылды

Елімізде қайтыс болған донордың ағзасы 4 адамның өмірін сақтап қалды

Бұқтырма су қоймасындағы көпір салтанатты түрде қолданысқа берілді

Көпірдің құрылысына елеулі еңбек сіңірген және қолдау көрсеткен азаматтар марапатталды

Олжас Бектенов Бұқтырма арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпірді ашты

Бұл – маңызды инфрақұрылымдық жоба, әрине, бүкіл еліміздің тұрғындары үшін тарихи нысан

ШҚО-да қызметкерлеріне 4 млн теңге жалақы төлемеген кәсіпорын жазаланды

Ал жалақылары толық берілген