Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары: Қазақстан аударыспақтан алтын алды

Ұлттық спорт
V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары: Қазақстан аударыспақтан алтын алды

V-Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында қазақстандық спортшы Ермек Құралбай финалда Қырғызстан спортшысын жеңді. 

Жарысқа 60 келі салмақта қатысқан Қазақстан спортшысы дайындығына сенгенін айтады.  

- Жақсы дайындықпен келдім. Финалдағы қарсыласым – былтыр ат үстіндегі күрестен 60 келіде чемпион болған қырғыз палуаны. Ел намысын қорғап, бірінші орын аламыз деп үміттенген едім. Сенімді ақтағаныма қуаныштымын, – деді аударыспақтан ұлттық құрама спортшысы Ермек Құралбай.

Аударыспақ сайысына әлемнің 9 мемлекетінен 64 спортшы келген. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей. 
10 қыркүйекте Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев сынға түседі.

Фото: Фото: Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу