Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Көшпенділер ойындарында садақшыларға қазақстандық жебелер беріледі

Ұлттық спорт
Көшпенділер ойындарында садақшыларға қазақстандық жебелер беріледі

Жарысқа қатысу үшін елімізге 35 елден 200-ден астам спортшы келеді. Ал дүбірлі додада Қазақстан намысын 10 спортшы қорғайды. Бұл туралы Садақ атудан ұлттық құрама бас бапкері Диас Ахметов айтты.

-    Біздің садақ атушыларға Түркия, Қырғыстан, Моңғолияның мергендері бәсеке тудырары анық. Франция, Италия, Испания, Қытай, Тайланд, Ираннан келетін спортшылар да өте мықты. Дегенмен, біздің спортшылар да осал емес. Жүлдеден үміттіміз, - дейді Диас Ахметов. 

Ойынға халықаралық стандарттарға сай жасалған 2000-нан аса оқ дайындалған. 

-    Осы уақытқа дейін ұлттық құрама құрал-жабдықтардың басым бөлігін Түркия, Мажарстан, Ресейден тапсырыс беріп алдыртатын. Кейінгі жылдары еліміздегі өндіріс те жолға қойыла бастады. Алдағы Көшпенділер ойынына отандық өнім «Алтын жебе» атты цехтың шығарған оқтарын қолданамыз. Сол үшін халықаралық стандарттарға сай жасалған 2000-нан аса оқ дайындап қойдық, - дейді дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама мүшесі Ербол Тапенов. 

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталауына 18 күн қалды. Жарыс Астана қаласында 2024 жылдың 8-14 қыркүйегі аралығында өтеді. Оған 100-ден астам елден 4 мыңға жуық қатысушы келеді деп жоспарланып отыр.
Фото: worldnomadgames.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу