freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда жүлде қоры 3 млн теңге болатын «Youth Nomads» бірегей жобасы басталды

Ұлттық спорт
Алматыда жүлде қоры 3 млн теңге болатын «Youth Nomads» бірегей жобасы басталды
Алматы әкімдігі

Қала базарларында және сауда орындарында жұмыс істейтін жастар арасында ұлттық спорт түрлерін дамытуға бағытталған бұл жоба Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен өтіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Жоба 18 бен 35 жас аралығындағы қатысушыларды қазақ күресі, ләңгі тебу, асық ату, қой көтеру, арқан тартыс және армрестлинг сынды 6 дәстүрлі спорт түрі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Жарыстың жалпы жүлде қоры — 3 000 000 теңге.

Алғашқы іріктеу кезеңі «Алаш» базарында өтіп, оған 250-ден астам адам қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар жобаның финалдық кезеңіне жолдама алды.

Алдағы уақытта тағы екі іріктеу турнирі жоспарланған:

— 15 сәуір — «Мизам» базарында

— 17 сәуір — «Жібек жолы» базарында

Алдағы уақытта тағы екі іріктеу турнирі жоспарланған:

15 сәуір — «Мизам» базарында

17 сәуір — «Жібек жолы» базарында

Жобаның финалы 24 сәуірде «Кенжехан» базарында өтеді. Дәл осы жерде кіл мықтылар бас жүлде үшін бақ сынайды. 

«Youth Nomads» жобасы ұлттық спорт түрлерін дәріптеуге, салауатты өмір салтын нығайтуға және жастардың өзін-өзі танытуына жол ашады. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу