Тоқаев Лукашенконы Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
Тараптар екіжақты күн тәртібінің, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Беларусь президенттері телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
Тараптар екіжақты күн тәртібінің, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Осыған дейін Лукашенконың Беларусьтегі президент сайлауында жеңіске жеткенін хабарладық.
Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтеріне сәйкес, Александр Лукашенко дауыс беру қорытындылары бойынша 86,82 пайыз дауыс жинаған.
Фото: Ақорда
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды