«ХАМАС»-тың жаңа басшысы сайланды
Израильдің сыртқы істер министрлігі оның көзін жоюға шақырды
Палестинаның саяси «ХАМАС» қозғалысына жаңа басшы болып Яхья ас-Синвар сайланды. Ол жарылыстан қаза тапқан Исмаил Ханияның орнын басты.
Бұған дейін ас-Синвар Газа секторындағы қозғалыстың көшбасшысы болған. Мұндай жаңалықтан кейін Израильдің сыртқы істер министрлігі оның көзін жоюға шақырды.
Израиль СІМ басшысы Израиль Катц Ас-Синвардың сайлануына түсініктеме бере отырып, оны "мүмкіндігінше тезірек жою керек" деді.
Сондықтан, "ХАМАС"-тың жаңа жетекшісінің жеке басына төнген қауіп бұрынғыдан да арта түспек. Себебі, Израильдің арнайы күштері оның көзін құртуды көздеп отыр.
Айта кету керек, бұған дейін "ХАМАС"-тың көшбасшысы болған Исмаил Хания 31 шілде күні Тегеранда оқыстан болған қастандық салдарынан өлім құшты.
Фото: stmegi.com