457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

AFP: ХАМАС Газа секторында бітімге келу жөніндегі ұсынысты қабылдады

Палестинаның радикалды исламшыл қозғалысы ХАМАС Газа секторында атысты тоқтату туралы жаңа ұсынысты ешқандай түзетулерсіз қабылдады. Бұл туралы дүйсенбі, 18 тамыз күні, ХАМАС ішіндегі дереккөзге сілтеме жасап AFP агенттігі хабарлады.

«ХАМАС өз жауабын делдалдарға жеткізіп, ХАМАС пен басқа да фракциялар жаңа атысты тоқтату ұсынысымен ешқандай өзгеріссіз келісетінін растады», – деді агенттікке сұхбат берген дереккөз.

Израиль әзірге бұл ақпаратқа реакция білдірген жоқ.

Палестиналық дереккөздің айтуынша, делдалдар «келісімге қол жеткізілгенін жариялап, келіссөздерді қайта бастау күнін белгілеуі тиіс».

Оның сөзінше, келісімдердің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепілдіктер ұсынылған, сондай-ақ ұзақмерзімді шешім іздеуге талпыныс жасалған.

Тағы бір палестиналық шенеунік түсіндіргендей, делдалдар 60 күндік бітім мен ХАМАС ұстап отырған тұтқындарды екі кезеңмен босатуды ұсынған.

Reuters агенттігіне сілтеме жасаған мысырлық дереккөздің хабарлауынша, әскери қимылдарды 60 күнге тоқтату ауқымды келісімге жетудің жолы ретінде қарастырылуы мүмкін. Пауза кезінде палестиналық тұтқындарды ХАМАС ұстап отырған израильдік тұтқындардың жартысына айырбастау жүзеге асатыны айтылды.

Жексенбі, 17 тамызда Тель-Авивте бірнеше жүз мың адам үкіметтен палестиналық радикалды исламшыл қозғалыспен келісім жасап, тұтқындарды босатуды талап етіп митингіге шықты.

Фото: Abed Rahim Khatib/dpa/picture alliance