457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ХАМАС Газа секторындағы барлық тұтқындарды босатуға дайын екенін мәлімдеді

ХАМАС содырлары Израильге тірі қалған барлық тұтқындар мен қаза тапқандардың денелерін Трамптың алмасу формуласына сәйкес тапсыруға дайын екенін айтты, деп хабарлайжды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

АҚШ президенті Израильді Газа секторына соққы беруді тоқтатуға шақырды.

Палестинаның радикалды исламшыл ХАМАС қозғалысы АҚШ президенті Дональд Трамптың бейбіт жоспар аясында Газа секторындағы барлық тұтқындарды босатуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы жұма күні, 3 қазанда AFP агенттігі мен Al Jazeera медиакомпаниясы хабарлады. ХАМАС-тың Трамп бастамасына берген жауабының мәтінін АҚШ басшысы өз Truth Social желісінде жариялады.

«Қозғалыс президент Трамп ұсынған алмасу формуласына сәйкес тірі қалған барлық адамдар мен қаза тапқандардың денелерін тапсыруға дайын екенін растайды, егер алмасуды жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалса», – делінген ХАМАС хабарламасында. Сондай-ақ, «қозғалыс бұл келісімнің егжей-тегжейін талқылау үшін делдалдар арқылы келіссөздерді дереу бастауға дайын» екені атап өтілген.

Топ сонымен қатар Газа секторын басқаруды палестиналық ұлттық келісім мен араб және ислам әлемінің қолдауына негізделген тәуелсіз органға беруге келіскенін жеткізді.

Дегенмен, қозғалыс саяси бюросының мүшесі Муса Абу Марзук «тұтқындар мен қаза тапқандарды 72 сағат ішінде тапсыру – қазіргі жағдайда теориялық, бірақ шынайы емес мәселе» екенін айтты.

Сонымен бірге ХАМАС қаруды тапсыру мәселесін қозғамады. Қатардағы қозғалыс жетекшілері АҚШ президентінің бастамасындағы кейбір шарттарды қайта қарауды талап етуде.

Фото: Jack Guez/AFP/Getty Images