457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Трамп: Израиль енді Қатарға соққы жасамайды

АҚШ президенті Дональд Трамп Израильдің өткен аптада Дохадағы ХАМАС көшбасшыларына шабуылынан соң Қатар аумағына шабуыл жасамайтынын мәлімдеді.


Арменпресс-тің хабарлауынша, Трамп бұл туралы Ақ үйде журналистермен болған әңгіме барысында айтқан. Кездесудің бейнежазбасын ​​Forbes Breaking News жариялаған.

- Олар енді Қатарға шабуыл жасамайды, - деп жауап берді Трамп Израильдің Қатардағы нысандарға тағы шабуылдауы мүмкін бе, деген сауалға жауап бере отырып.

Трамп Қатардың АҚШ серіктесі екенін еске салды.

Айта кетейік, 9 қыркүйек күні Израиль ХАМАС көшбасшыларын нысанға алып, Дохаға соққы жасады. Нәижесінде палестиналық қозғалыстың 5 мүшесі және Қатар-дың қауіпсіздік қызметінің 1 қызметкері қаза болды.

Фото: armenpress