457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Al Jazeera: Дохадағы соққыдан кейін ХАМАС басшылары аман қалды

9 қыркүйек, сейсенбі күні Израиль Қатар астанасы Дохаға әуе соққысын жасады. Алайда ХАМАС террористік ұйымының басшылары тірі қалғанын Al Jazeera арнасына қозғалыстың саяси бюросының өкілі Сухейль әл-Хинди мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, ХАМАС-тың негізгі келіссөз жүргізушісі әрі ұйым жетекшілерінің бірі Халиль әл-Хайя аман қалған. Бірақ оның ұлы Хумам мен жақын көмекшісі қаза тапты, сондай-ақ үш оққағарымен байланыс үзілген. Әл-Хиндидің сөзінше, Израильдің әл-Хайя мен басқа да басшыларға жасаған қастандық әрекеті сәтсіз аяқталды. Олар сол сәтте Израильге қарсы атысты тоқтату мүмкіндігін талқылап отырған.

Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Дохадағы жарылыстардың ХАМАС жетекшілеріне қарсы бағытталғанын мәлімдеді.

“Бүгінгі операция ХАМАС террористік басшыларына қарсы Израильдің дербес әрекеті болды. Израиль бұл қадамды өзі бастады, өзі іске асырды және толық жауапкершілікті өзі мойнына алады”, – деді ол.

Al Jazeera мен Al Arabiya-дағы ХАМАС-қа жақын дереккөздер де Дохадағы шабуылды растады. Әлеуметтік желілерде жарияланған видеоларда қаланың үстінен көтерілген қою қара түтін көрінеді. Израильдің “12-арнасына” сөйлеген шенеуніктің айтуынша, операция нысанасы ХАМАС-тың штаб-пәтері болған, онда ұйымның жоғары лауазымды өкілдерінің бірі отырған.

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің бұл әрекетін айыптады.

Фото: Ibraheem Abu Mustafa/REUTERS

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған

Жолдау-2025. Толық мәтіні
Политика
|
08.09.2025 12:00
2025-09-08 12:00:00
Жолдау-2025 (live). Осы жерден көріңіз
Политика
|
08.09.2025 10:59
2025-09-08 10:59:00
Бүгін Тоқаев Жолдау жасайды
Политика
|
08.09.2025 08:43
2025-09-08 08:43:00
Трамп: Ресей мен Үндістан Қытайға өтіп кетті
Политика
|
05.09.2025 19:53
2025-09-05 19:53:00