457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Израиль ХАМАС баспасөз хатшысы Абу Обейданы өлтіргенін хабарлады

Абу Обейда үнемі ХАМАС-тың бейнероликтерінде пайда болып жүретін. Соңғы мәлімдемесін ол 29 тамызда жасаған еді, сол кезде Израиль Газаға жаңа шабуылын бастап, қаланы «соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақ» деп жариялаған болатын, дер хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

ХАМАС әзірге Обейданың қазасы туралы пікір білдірген жоқ.

Израильдің Газа қаласына жасаған әуе соққысы нәтижесінде палестиналық радикалды исламшыл ХАМАС қозғалысының әскери қанатының баспасөз хатшысы Абу Обейда қаза тапты. Бұл туралы жексенбі, 31 тамыз күні Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеді. Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху да Обейданың қазасы жөнінде хабарлаған, бірақ ХАМАС өкілдері әзірге ресми түрде растаған жоқ.

AFP агенттігінің мәліметінше, көптеген жылдар бойы Абу Обейда әскери форма мен бетін бүркеген қызыл куфия киіп, ХАМАС бейнемәлімдемелерінде көрініп жүрген. AP ақпаратына сәйкес, оның соңғы мәлімдемесі 29 тамызда жасалған, сол күні Израильдің Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Газада жаңа шабуыл бастап, қаланың бір бөлігін «қауіпті соғыс аймағы» деп жариялаған.

Фото: Jehad Alshrafi/AP Photo/picture alliance

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00