Израиль заңсыз ұстаған «Бостандық флотилиясының» 45 белсендісі босатылды

Газа секторына гуманитарлық көмек алып бара жатқанда Израиль күштері халықаралық суларда заңсыз ұстаған «Бостандық флотилиясы» коалициясының 45 белсендісі Иорданияға барды, деп хабарлайды Анадолы.
«Бостандық флотилиясының» бортында болған бауырлас және достас елдердің 45 белсендісі оккупацияланған батыс жағалау мен Иорданияны жалғап жатқан король Хусейн көпірі арқылы ел аумағына жетті, - деп хабарлады Иордания Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ хабарламада эвакуацияланғандар Тунис, Испания, Бельгия, Франция, Германия, Италия, Ирландия, Финляндия және АҚШ пен Канада азаматтары екені айтылған.
«Бостандық флотилиясы» коалициясы
Италиядан шыққан «Бостандық флотилиясы» (Freedom Flotilla Coalition) Мысыр жағалауына бет алып, Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуді және Израильдің теңіз блокадасын бұзуды мақсат еткен. Флотилия құрамында бір кеме мен сегіз қайық болған, олардың бортында 30 елден 140-тан астам адам дәрігерлер және БАҚ өкілдері болған.
8 қазан күні таңертең Израиль армиясы халықаралық суларда, Газа секторынан шамамен 120 теңіз миль қашықтықта флотилияға шабуыл жасап, оның барлық жолаушыларын заңсыз түрде ұстады.
Бұған дейін, 1 қазан күні кешке Израиль әскері халықаралық Global Sumud флотилиясына да шабуыл жасап, оның жолаушыларын ұстап алған болатын.
Фото: Анадолы