457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мысырда Израиль мен ХАМАС бойынша келіссөздер басталды

Келіссөздерге делдал ретінде Мысыр мен Катар қатысып жатыр

Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласында Израиль мен ХАМАС террористік ұйымы арасында Газадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі делдалдық келіссөздер басталды. Бұл туралы дүйсенбі, 6 қазан күні, Мысырдың арнайы қызметтеріне жақын саналатын Al-Kahera News телеарнасы мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

AFP агенттігіне сұхбат берген қала әуежайының аты-жөнін атамаған қызметкері Израиль мен ХАМАС делегацияларының Шарм-эш-Шейхке келгенін растады. Келіссөздерге делдал ретінде Мысыр мен Катар қатысып жатыр.

Келіссөздердің басты тақырыбы — АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған Газадағы бейбітшілік жоспары. Израиль мен ХАМАС делдалдары, атап айтқанда, исламшыл содырлардың қолында қалған 48 израильдік тұтқынды босату және Израиль түрмелеріндегі бірнеше жүз палестиналықты азат ету шарттарын талқылауда, деп хабарлайды AFP.

Израиль мен ХАМАС арасындағы соғысты реттеу жөніндегі Трамптың жоспары, басқа тармақтармен қатар, барлық израильдік тұтқындарды босатуды, ХАМАС ұйымының қаруын тапсыруын және Израиль Қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) Газадан кезең-кезеңімен шығуын көздейді. Құжатта, сондай-ақ, болашақта ХАМАС палестиналық анклавты басқаруға қатыспауы тиіс екені жазылған.

Бұған қоса, Трамп жоспары Газадағы гуманитарлық көмектің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуді қарастырады.

Фото: Mahmoud Issa/Anadolu/picture alliance