Алпауыт 3 мемлекет Палестинаның тәуелсіздігін мойындады

IMAGE: ©Anadolu Ajansı
Австралия, Канада, Ұлыбритания Палестинаның тәуелсіздігін мойындады деп хабарлайды DW - Неміс толқыны.
Канаданың премьер-министрі Марк Карни X әлеуметтік желісінде мойындаудың жай-жапсарын жазды. Ол ХАМАС-тың ендігәрі Палестинаның өмірінде рөл ойнамауын қалайды. Сонымен бірге, Израильдің Иордан өзенінің батыс жағасындағы еврей қоныстарын кеңейту әрекеттерін айыптады. Оның ойынша, Израиль Палестинаның егемен ел болмауы үшін жұмыс істеп келді. Австралияның премьер-министрі Энтони Альбанезе болса, оның елі Палестинаның тәуелсіздігі мен суверенитетін ресми мойындайтынын мәлімдеді. Келесі қадам – дипломатиялық қатынастар орнатып, елшілік ашу болуы мүмкін дейді ол.
Ұлыбритания премьері Кир Стармер видео үндеу жариялап, Палестинаны мойындау – Таяу Шығыстағы кикілжіңді шешуге мүмкіндік болуы керек деді. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Палестинаны мойындау – Израильдің жойылу қаупін тудырады деді. Ол Палестинаның тәуелсіздігін мойындауды "террорға біртүрлі жауап" деп есептейді.