457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ХАМАС пен Израильге санкция салу ұсынылды

Еурокомиссия Газа секторындағы соғысқа байланысты Израильге қарсы санкциялар енгізу бастамасын көтерді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

17 қыркүйекте жарияланған пресс-релизде сауда жеңілдіктерін тоқтату, террористік исламшыл ХАМАС қозғалысына, сондай-ақ экстремистік көзқарастағы израильдік министрлер мен агрессивті қоныстанушыларға бағытталған нысаналы санкциялар енгізу, азаматтық қоғам мен «Яд ва-Шем» мемориалын қолдауды қоспағанда, израильдік жобаларды уақытша қаржыландыруды тоқтату ұсынылатыны айтылған.

Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен атысты дереу тоқтатудың, гуманитарлық көмектің шектеусіз жеткізілуінің және ХАМАС содырлары ұстап отырған барлық израильдік тұтқындарды босатудың маңыздылығын атап өтті.

Санкцияларды ұсына отырып, Еурокомиссия Израиль адам құқықтары мен демократиялық қағидаларды сақтауды талап ететін ассоциация туралы келісімнің 2-бабын бұзуда деп санайды. Ұсынылған шаралар күшіне ену үшін оларды ЕО-ға мүше мемлекеттердің білікті көпшілігі қолдауы қажет. Алайда қазіргі уақытта мұндай көпшілікке қол жеткізіле ме, белгісіз.

Германия үкіметі бұл қадамды қолдайтыны не қолдамайтыны жөнінде әлі шешім қабылдамағанын мәлімдеді. Үкіметтің ресми өкілі Штефан Корнелиустың айтуынша, Израильдің Газа секторындағы әскери қимылдарына қарамастан, Берлинде жедел шешім қабылдау қажеттілігі байқалмайды, өйткені ЕО кеңесі бұл мәселені тек қазан айының соңында қарауды жоспарлап отыр.

Фото: Dawoud Abu Alkas/REUTERS