457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Макрон: Израильдің Газадағы операциясы тоқтаусыз соғысқа ұласуы мүмкін

Израильдің Газадағы операциясы өңірде тоқтаусыз соғысқа алып келуі мүмкін. Бұл туралы Франция президенті Эмманюэль Макрон Иордания королі Абдалла II мен Мысыр көшбасшысы Абдель Фаттах Ас-Сисимен телефон арқылы болған әңгіме барысында айтты, деп жазады ТАСС.


Израиль дайындап жатқан Газадағы операцияның соңы екі ел үшін де апатқа ұласып, өңірді бітпейтін соғыс басталуы мүмкін, - деп жазды Макрон өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Оның сөзінше, әңгіме барысында Макронның өзі және Иордания мен Мысыр басшылары Газада атысты тоқтату, кепілдегі барлық адамдарды босату, тұрғындарға гуманитарлық көмек жеткізу ХАМАС-ты қарусыздандыру ғана қақтығысты тоқтата алады деген ортақ ұстанымға келді.

Макронның пікірінше, Франция, Иордания мен Мысыр сияқты өзге де өңірлік серіктестерге Газаны тұрақтандыруға байланысты халықаралық миссияны жүзеге асырып, Израиль мен Палестина халықтары ұмтылып отырған мақсатқа жеткізетін саяси шешім аясында жұмыс жүргізу керек.

Фото: 123RF/gintsivuskansphoto

 

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған