Журналист полицияның жарақаттағанын мәлімдеді

Олжас Қасым

  • 26.10.2020

Азаттық радиосының журналисті Сәния ТОЙКЕН полиция қызметкерінің өзін жарақаттағанын айтады. Әріптесіміз бұл тіпті үйреншікті жағдайға айналды дейді.

Сәния Тойкен 24 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласының оң жағалауындағы Кенесары хан ескерткіші маңына жұмыс барысымен барған. Ол жерде түрмеде отырған азаматтық белсенділердің туған-туыстары қолдан жасалған заттарын сатпақшы болған. Сол арқылы қудалаудағы белсенділерге қаржылай көмек жинамақшы болыпты. Алайда, шараға жиналғандарды әкімдік қызметкері митингі ұйымдастырушылар деп бағалаған.

«Азаматтық белсенділер бар-жоғы қолдан жасалған бұйымдарын сатуға шықты. Бірақ ол жерге жергілікті әкімдік өкілдері, полиция, арнайы автозак келді. Интернетті өшіретін құрылғыларын да алып келді. Мен журналистік жұмысымды жасап жаттым. Сосын тікелей эфирге шыққан едім. Штаттағы адам қолымдағы телефонымды тартып алды. Бұның не деп ұмтылып едім, кеудемнен итеріп жерге жықты. Содан апыр-топыр басталып кетті. Мені полиция алып кетпекші де болды. Жұмыс кезінде ет қызумен түк байқалмады. Содан кейін аяғымнынң ауырғанын сездім. Ауруханаға барып тексерістен өттім. Дәрігерлер 102-ге хабарласты. Сөйтіп полицияға арыз жаздым», - дейді журналист МӘЛІМ КЗ сайтына.

Әріптесіміз журналистік қызметімізге кедергі келтіру мен полицияның күш қолдануы үйреншікті жағдайға айналғанын айтады. Алдағы күні прокуратураға арыз түсірмекші.

«Ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВТАН жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Госман ЖАКИН мен басқа да полицейлерді осы жағдайға байланысты жауапқа тартуын талап етемін. Және бұл оқиғаны халықаралық ұйымдарға хабарлаймыз», - деп пікір білдірді халықаралық журналистер федерациясының басшысы Назира ДӘРІМБЕТ.

Сәния Тойкен 2007 жылдан бері Азаттық радиосында еңбек етіп келе жатыр. 2017 жылы журналист әйелдердің халықаралық қоры (IWMF) тағайындаған "Журналистикадағы батылдығы үшін" сыйлығын иелен еді.

 Фото: azattyq.org

Байланысты жаналықтар

Шымкентте полиция басшылары 7 жылға сотталды

24.07.2023

 Нұржан Әлтаев митингке шақырды деген айыппен 15 күнге қамалды

12.04.2023

Мәжілістің үш депутаты талап қойған жаңаөзендіктерді райынан қайтара алмады

11.04.2023

Әнұран айтылғанда орнынан тұрмаған журналистер сынға қалды

30.03.2023

Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде апарылады   

30.03.2023

Серік Күдебаев ауруханаға түсіп, сот отырысы шегерілді  

10.03.2023
MalimBlocks
Шымкентте полиция басшылары 7 жылға сотталды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 4-рота командирі Қ. Әлімханов пен 8-рота командирі Н. Мырзалиевке қатысты үкім шығарды.

 Нұржан Әлтаев митингке шақырды деген айыппен 15 күнге қамалды

Ол тікелей эфирге шығып, ахуалды баяндаған

Мәжілістің үш депутаты талап қойған жаңаөзендіктерді райынан қайтара алмады

Жұмыссыздарды полицияның күштік жасағы тұтқындап әкетті

Әнұран айтылғанда орнынан тұрмаған журналистер сынға қалды

БАҚ өкілдері хабар таратып отырған

Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде апарылады   

Ол сотқа келмей қалған

Серік Күдебаев ауруханаға түсіп, сот отырысы шегерілді  

Үкім бүгін шығуы керек болатын