Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптаған полиция қызметкерлері сотталды

Сұқбат
Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптаған полиция қызметкерлері сотталды

19 наурызда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Қаңтар оқиғасы кезінде азаптау қолдану фактісі бойынша үш полиция қызметкеріне қатысты үкім жарияланды.

«Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеді. Іс материалдары бойынша, полицейлердің 2022 жылғы 9 қаңтарда Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілген 3 азаматты азаптау қолданғаны дәлелденді. Заңсыз әрекеттерінің салдарынан үш жәбірленушілерге тән азаптары келтірілген», - делінген хабарламада.

Соттың үкімімен үш сотталушыға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, сот залында қамауға алынды. Бәрі арнаулы атақ, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

ФОТО: ИНТЕРНЕТТЕН

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу