Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нурикамал Сейітжанқызы дүниеден озды

Сұқбат
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нурикамал Сейітжанқызы дүниеден озды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нурикамал Сейітжанқызы дүние салды.

Нурикамал Сейітжанқызы 1949 жылы 12 наурызда Ақмола облысы Державин ауданының Братолюбовка ауылында туған. Ұзақ жылдар лауазымды қызметтер атқарған.

Нурикамал Сейітжанқызы ел арасында кең танылған «Нурикамал» әнінің кейіпкері. Әннің сөзін жазған - Ханбибі Есенқарақызы, ән авторы - Тұрдықылыш Ізтаев.  Олар ерлі-зайыптылар. Ән 1988 жылы жарық көрген.  Әннің шығу тарихы да қызық.

Бұл әнді Нурикамалға ғашық болып қалған Тұрдықылыш Ізтаев жазған. Ол кезде отбасының үш баласы болған.

Ханбибі Есенқарақызы бір күні күйеуінің пианино жанында отырғанын көреді. Сөйтіп, оның Нурикамал есімді бойжеткенге ғашық болып қалғанын біледі. Сол сәтте жарының атынан Нурикамалға өлең жазып, оны жолдасына өзі әкеліп берген екен.

Бүгінде бұл ән халыққа Жұбаныш Жексенұлының орындауымен танымал.

Редакциямыздың атынан Нурикамал Сейітжанқызының жақындарына көңіл айтамыз.  Рухы пейіште шалқысын!

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу