Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Qnet-ті құрған қызылордалық азаматқа іздеу жарияланды

Сұқбат
Qnet-ті құрған қызылордалық азаматқа іздеу жарияланды

Қызылордада «Qnet» қаржы пирамидасын құрған азаматқа іздеу жарияланды. Облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті  2019-2022 жылдары Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысының аумағында Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша 11.10.1990 жылы туған ҚР азаматы Жұбанаев Алмас Оразалыұлына халықаралық іздеу жарияланады.

«Жұбанаев Алмас Оразалыұлы заңсыз қызметін жүзеге асыру барысында «Instagram» әлеуметтік желісін пайдалану арқылы Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларынан адамдарды тартып, тренингтер және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген», - делінген ақпаратта.

Жәбірленушілердің саны - 59 адам, жалпы келтірілген залал сомасы - 63 373 356 теңгені құрайды.

Егер сіз іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, төмендегі телефондар арқылы хабарлауыңызды сұраймыз:
8-775-125-55-54
8-701-527-10-45

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу