Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сейсмология институтына бөлінетін қаржы көлемі артады  — министр

Сұқбат
Сейсмология институтына бөлінетін қаржы көлемі артады  — министр

-Сейсмология институты қазір төтенше жағдай министрлігіне қарайды. Саланың әлеуетін көтеруге және инфрақұрылымды құралдармен жабдықтау үшін былтырдан бастап осы институтқа арнайы грант бердік. Биыл 4-5 миллиард теңге көлемінде жаңа грант береміз. Сейсмология ғылымын көтеруіміз керек. Жаңа стандарттарға ауысуымыз керек. Қаржыландыру былтыр басталды, биыл жалғасады,-дейді Саясат Нұрбек.

Ол сондай-ақ жер сілкінісінен ҚазҰУ жатақханасының қабырғасы жарылғанына қатысты былай деді.

-Желіде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың №6 және №8 жатақханасында қаза болғандар мен қирандылар бар деген жалған ақпарат тарады. Бұл шындыққа жанаспайды. Министрлік қызметкерлерін тексеруге жібердік, көзіміз жеткен соң хабарлама бердік. Қабырғалар кішкене ғана жарылған. Жөндеу жүргізіп, сейсмикалық жағынан күшейтеміз,- деді  ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу