Қыз зорлады деп айыпталған Жанқош Тұраровтың әйелі күтпеген мәлімдеме жасады
Боксшының әйелі Клара Иса оқырмандардың сұрағына жауап берген
Танымал боксшы Жанқош Тұраровтың басы дауға қалып, қыз зорлады деген күдікке ілінген. Іске қатысты боксшының әйелі күтпеген ақпаратты жария етті, деп хабарлайды Malim.kz.
Боксшының әйелі Клара Иса оқырмандардың сұрағына жауап берген. Оның айтуынша, Әнару Қалдыбектің өзі жауапқа тартылуы мүмкін.
Жала жапқаны үшін сотталайын деп жатыр, – деді блогер келіншек.
Еске салайық, бұған дейін Жанқош Тұраров қыз зорлады деген ақпарат тараған болатын. Артында Алматы Полиция департаменті өкілдері бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Фото: kyn.kz