Полиция онлайн сатып алу кезіндегі қауіптер туралы ескертті

Арман Қайыпхан

  • 13.02.2025

Ішкі істер министрлігі азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Malim.kz. 

Жаппай жеңілдіктер, әртүрлі мерекелерге арналған жалпы сатылымдар кезінде азаматтар алаяқтарға алданып қалуы мүмкін. 

Мысалы, ақпан айында көптеген елдерде "ғашықтар күні" атап өтіледі. Осыған орай адамдар өздерінің сүйіктілеріне сыйлық жасауды жоспарлап жатады. 

Қаражаттан айырылып қалмас үшін ІІМ қарапайым ережелерді сақтауды ұсынады: 

- Тауарды тек тексерілген сайттардан немесе ресми маркетплейстерден сатып алыңыз. 

- Тым төмен бағаға қызықпаңыз. Егер жеңілдік күмәнді көрінсе, бұл алаяқтық болуы мүмкін. 

- Егер әлеуметтік желілерде "қызықты" ұсынысқа тап болсаңыз, дүкен немесе сатушы туралы мәліметтерді тексеріп алыңыз. Бұл жағдайда қалдырылған пікірлерге, тіркелушілердің санына және бөліп төлеу мүмкіндігіне назар аударған абзал. Алайда оның кепіл бола бермейтінін де есте ұстаған жөн. 

- Сатушыға бейнеқоңырау шалу арқылы өнімнің бар екеніне көз жеткізіңіз. Дүкеннің мекенжайы мен орналасқан жерін көрсетуді талап етіңіз. Егер бұл алаяқтар болса, олар түрлі сылтаулармен талаптардан бас тартып, сендіру үшін геолокация жібереді, бірақ бұл ықтимал алаяқтың айласы. - Төлем әдістерін тексеріңіз. Ақшаны жеке шоттарға жібермеңіз. 

- Жеке деректерді қадағалаңыз. Ешқашан құпия сөздерді, SMS-кодтарды және карта деректерін бөгде адамдарға бермеңіз. 

Мұқият болыңыз! Егер сізде күмән туындаса, ақпаратты тексеріңіз немесе сарапшылармен кеңесіңіз, - деді ІІМ.

Фото: Polisia.kz

Байланысты жаналықтар

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

14.04.2025

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

14.04.2025

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

12.04.2025

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

11.04.2025

Журналист Лұқпан Ахмедьяровты полиция ұстады

10.04.2025

Есірткі сатқан футболшы мен актер ұсталды

10.04.2025
MalimBlocks
Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

Полиция Қазақстанда көлік тізгіндегендерге қатысты жас шектеуі мен тыйымдар туралы айтты

Журналист Лұқпан Ахмедьяровты полиция ұстады

Есірткі сатқан футболшы мен актер ұсталды

Шымкентте жергілікті футбол командаларының бірінде ойнаған шетелдік есірткі сатқаны анықталды