Семейде 6-сынып оқушысын қатарластары басынан ұрып, үстіне секірген

Сабина Асқарқызы

  • 25.02.2025

Әлеуметтік желіде Семейде мектеп оқушыларының өз қатарластарын ұрып-соққаны көрсетілген видео тарады. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Malim.kz. 

 Бұл туралы Абай облысы полиция департаменті мәлімдеді.

Әлеуметтік желілерде мектеп оқушыларының зорлық-зомбылық әрекеттерін көрсететін видео тараған еді. Кадрлардан бір топ оқушының баланы теуіп, басынан ұрып, үстіне секіргенін көруге болады. Сонымен қатар, олар күліп, мектеп оқушысын бетке ұруға шақырған дауыстар естіледі. Қатты соққыға ұл балалармен қатар қыз балалар да қатысқан.

Куәгерлердің айтуынша, бұл оқиға Семей қаласындағы 343-ші ықшам ауданында болған. Желі қолданушылары жылап тұрған баланы мазақтап, оған зорлық көрсеткен жасөспірімдердің әрекетіне қатты ашуланды. Олар оқиғаға қатысқандарды тауып, жазалауды талап етуде.  

Оқиға орнынан бірнеше видео үзінді жарияланды. Кадрларда жасөспірімдердің қар үстінде оқушыны ұрып-соғып, оны видеоға түсіріп жатқаны анық көрінеді. Видеоларда балағат сөздер де естіліп тұр.  

Жасөспірімдер полиция бөлімінде есепке қойылады. Олардың әрекеттері кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияда қаралатын болады. Сонымен қатар, ата-аналар балаларының тәрбиесі үшін жауапкершілікті дұрыс орындамағаны үшін қатаң жазаға тартылады. Ал оқу орнының әкімшілігіне осындай оқиғалардың алдын алу үшін тиісті шаралар қабылдау жөнінде нұсқау беріледі, - делінген полицияның хабарламасында.

Ал білім басқармасы 24 ақпанында оқушы сабағына қатысқан, ал соққыға жығылғаннан кейін медициналық көмекке жүгінбеген деп отыр.

Абай аудандық білім басқармасы қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша бақылаудың әлсіздігі және тәрбие жұмысының жеткіліксіздігі үшін мектеп директорлары мен олардың орынбасарларының жауапкершілігі тексерілетін болады. Жағдай ерекше бақылауда, - делінген хабарламада.

Зардап шеккен баланың алтыншы сынып оқушысы екені белгілі болды.

Фото: видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Сәтбаевта қызға шабуыл жасаған күдікті қылмысын мойындады

23.05.2025

Қазақстан жолдарында жыл сайын 300-ден астам бала көз жұмады

20.05.2025

Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту бойынша Жол картасы әзірленді

20.05.2025

Жантүршігерлік жол апатынан 6 шетелдік қаза тапты

20.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025
MalimBlocks
Сәтбаевта қызға шабуыл жасаған күдікті қылмысын мойындады

Қазақстан жолдарында жыл сайын 300-ден астам бала көз жұмады

Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту бойынша Жол картасы әзірленді

Жантүршігерлік жол апатынан 6 шетелдік қаза тапты

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды