Аргентина құрамасының көшбасшысы Лионель Месси футболдан әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік бомбардир атанды, деп хабарлайды Malim.kz.
2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші тур аясында Австрияға қарсы өткен кездесуде тәжірибелі шабуылшы матчтың 39-минутында мергендік танытып, әлемдік додалардағы 17-голын соқты.
Осы нәтижеден кейін Месси әлем чемпионаттары тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде жеке-дара көш бастады. Бұған дейін рекорд Германия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Мирослав Клозе еншісінде болған еді. Клозе әлем чемпионаттарында 16 гол соққан.
Айта кетейік, 38 жастағы аргентиналық футболшы бірнеше әлем чемпионатына қатысып, ұлттық құрамамен бірге әлем чемпионы атағын жеңіп алған. Енді ол тағы бір тарихи жетістікке қол жеткізіп, әлем біріншіліктерінің ең нәтижелі ойыншысы ретінде тарихқа енді.