freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әсел Исабаева Астанадағы сән апталығында көпшілік алдына шықты

Қоғам
Әсел Исабаева Астанадағы сән апталығында көпшілік алдына шықты
Коллаж: Ulysmedia.kz

Астанада өткен сән апталығы кезінде Әсел Исабаева көпшілік алдына шығып, жұрт назарын аударды, деп хабарлайды Malim.kz.

Kznews.kz сайтының жазуынша, іс-шарадан түсірілген суреттерді Instagram парақшасында олимпиада жүлдегері, жаттықтырушы Әлия Юсупова жариялаған. Кадрлардан Әсел Исабаеваның Ұлттық музейде өткен Dinara Satzhan бренді көрсетіліміне қатысқанын көруге болады.

Желі қолданушылары оның образына түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі Әсел Исабаеваның киім үлгісін талғамды әрі ұстамды деп бағаласа, енді бірі оның қоғамдағы орны мен жеке өміріне қатысты пікір қалдырған.

Айта кетейік, Әсел Исабаева қазір 46 жаста. Ол "Астана Балет" театрында арт-менеджер қызметін атқарады. Сондай-ақ 1999 жылы "Мисс Қазақстан" байқауының жеңімпазы атанған.

Нұрсұлтан Назарбаев "Менің өмірім" атты мемуарында Әсел Исабаевамен таныстығы туралы жазған. Оның айтуынша, олардың қарым-қатынасы кейін мұсылмандық дәстүр бойынша некеге ұласқан. Кітапта бұл отбасында Тауман және Байкен есімді екі ұл дүниеге келгені де айтылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу