freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зерендіде балық жаппай қырылып жатыр

Оқиға
Зерендіде балық жаппай қырылып жатыр
Фото: aikyn.kz

Ақмола облысының Зеренді ауданындағы Айдабол көлінде балықтың жаппай қырылып жатқаны анықталды. Қазір оқиға орнында экологтар мен ветеринариялық қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Аталған жағдайға қатысты Зеренді аудандық әкімдігі пікір білдіріп, оқиға орнында ветеринариялық қызмет пен балық инспекциясының мамандары жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Ауданның ветеринариялық қызметі қырылған балықтардан биологиялық материалдардың сынамаларын алып, оларды тиісті зерттеулер жүргізу үшін облыстық ветеринариялық зертханаға жолдайды. Зерттеу қорытындысы бойынша балықтардың қырылу себебі анықталады», – деп мәлімдеді Ақмола облыстық ветеринария басқармасы.

Сонымен қатар оқиға орнына Есіл өңіраралық бассейндік балық инспекциясы мен Ақмола облысы экология департаментінің мамандары да барған.

Мамандар балықтан, судан және топырақтан сынама алып, жаппай қырылудың нақты себебін анықтауға кіріскен.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу