freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда екі адамнан безгек ауруы анықталды

Қоғам
Алматыда екі адамнан безгек ауруы анықталды
Фото: gov.kz

Алматыда соңғы аптада безгектің екі жағдайы тіркелді. Инфекция Габон мен Вьетнамнан оралған азаматтардан анықталған, деп хабарлайды Malim.kz. 

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, науқастардың бірі Габоннан іссапардан, екіншісі Вьетнамнан демалыстан оралған. Ведомство жыл басынан бері Алматыда безгектің шетелден әкелінген төрт жағдайы тіркелгенін алға тартты.

Соңғы аптада инфекция Габоннан іссапардан және Вьетнамнан саяхаттан оралған екі адамнан анықталған.

"Науқастардан безгектің екі түрлі түрі – тропикалық және үш күндік безгек анықталды. Тропикалық безгек ең қауіпті түрі саналады. Уақытылы емделмеген жағдайда ол миға, бауырға, бүйрекке және тыныс алу жүйесіне зақым келтіріп, кей жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін. Ал үш күндік безгек әдетте жеңілірек өтеді. Алайда оның қоздырғышы ағзада ұзақ уақыт сақталатындықтан, ауру жұқтырғаннан кейін бірнеше ай өткен соң қайта байқалуы мүмкін", – деп хабарлады орталық мамандары. 

Ведомство екі жағдай да зертханалық тексеріспен расталғанын алға тартты. Қазір науқастар стационарда ем қабылдап жатыр. Ал індеттің таралуына жол бермеу үшін қажетті эпидемияға қарсы шараларды жүргізілуде.

Google компаниясы вирус жұқтырған миллиондаған масаны бостандыққа жібермекОқыңыз

Мамандардың айтуынша, індет безгек жұқтырған Anopheles масаларының шағуы арқылы таралады. Алайда бұл ауру науқас адамнан тұрмыстық жағдайда жұқпайды. Яғни безгек қол алысу, ортақ ыдыс-аяқ пайдалану, тағам мен су арқылы немесе ауа-тамшы жолымен берілмейді.

Сондай-ақ қазақстандықтарға безгек кең таралған елдерге сапар алдында алдын алу шараларымен танысып, мамандардан кеңес алу ұсынылды.

"Мамандар безгектің алдын алу үшін маса шаққаннан қорғану шараларын сақтауға кеңес береді. Атап айтқанда, репелленттер мен фумигаторларды қолдану, маса торларын пайдалану, ұзын жеңді киім кию және масалар белсенді болатын кешкі әрі түнгі уақытта сыртта ұзақ жүрмеу ұсынылады", – деп хабарлады Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу