freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Аптап ыстықтан еліміздегі ірі тасжолдардың бетон жабындылары бұзылып жатыр

Экология
Аптап ыстықтан еліміздегі ірі тасжолдардың бетон жабындылары бұзылып жатыр
Фото: ҚазАвтоЖол

Қазақстанның бірнеше республикалық трассасында аптап ыстық салдарынан жол жабыны бұзылуда. Бұл жолы Астана – Щучинск және Астана – Павлодар трассаларында цемент-бетон жабындысы көтеріліп, жол қызметтері қауіпті учаскелерде жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Malim.kz.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының мәліметінше, жаз мезгілінде ауа температурасы 36-38 градусқа дейін көтерілген кезде бетон плиталарға түсетін жылу жүктемесі артады. Мұндай жағдайда жол жабындысының ішінде кернеу күшейіп, деформация қаупі жоғарылайды. Осыған байланысты Ақмола және Павлодар облыстарында цемент-бетон жабындысы бар республикалық жол учаскелеріне бақылау күшейтілген.

22 маусым күні Павлодар облысында Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – Ресей шекарасы республикалық автожолының Павлодардан Астанаға бағытындағы 342+500 шақырымында жоспарлы мониторинг барысында қауіпті учаске анықталды. Жол қызметінің мамандары цемент-бетон плиталарындағы ішкі кернеудің күшею белгілерін ерте кезеңде байқаған.

“Оқиға орнында уақытша жол белгілері орнатылып, бетон плиталардағы кернеуді азайту және кейіннен асфальт-бетон жабындысын төсеу жұмыстары басталды. Жұмысқа 15 маман мен арнайы техника жұмылдырылған.

Сол күні Ақмола облысында Астана – Щучинск республикалық автожолының елорда бағытына қарай 216-шақырымында цемент-бетон жабындысының көтеріліп, деформацияға ұшырағаны тіркелді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстық полиция департаментінің патрульдік қызметі аталған учаскені уақытша жауып, көлік қозғалысын реттеуді ұйымдастырды. Ал жол қызметінің мамандары уақытша жол белгілері мен қозғалысты ұйымдастыруға арналған техникалық құралдарды орнату жұмыстарына кірісті”, – делінген хабарламада.

Жекеменшік инвестор 180 миллиард теңгеге елдегі жол бойында қызмет көрсету нысандарын салмақОқыңыз

Қазір жағдай бақылауда. Ақауды реттеу және көліктердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін қажет шаралар қабылданып жатыр.

"ҚазАвтоЖол" компаниясы республикалық жолдардағы цемент-бетон жабындыларын жүйелі түрде тексеріп, қауіпті учаскелерді алдын ала анықтау жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ жүргізушілерден жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды, жылдамдықты төмендетуді, қауіпсіз арақашықтықты ұстануды және күрт маневр жасамауды сұрады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу