freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Банк 11 жастағы қыздан марқұм анасының қарызын төлеуді талап етіп жатыр

Қоғам
Банк 11 жастағы қыздан марқұм анасының қарызын төлеуді талап етіп жатыр
Фото: Shutterstock

Петропавлда даулы сот процесі басталды. Мұнда коммерциялық банк 11 жастағы жетім қыздан марқұм анасының 90 мың теңге көлеміндегі несиесін өтеуді талап етіп отыр. Бұл туралы Stan.kz-ке сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.

5-сынып оқушысының анасы бір жыл бұрын инфаркттан қайтыс болған. Артында өтелмеген тұтынушылық несиесі қалған. Соның салдарынан кәмелетке толмаған қыз сот дауына тартылып отыр.

Оқушы сот отырыстарына қатыспайды. Оның мүддесін туған әпкесі әрі қамқоршысы Зинаида М қорғап жүр.

"Бұл несие тұтынушылық мақсатта алынған. Ал сіздер әрекетке қабілетсіз кәмелетке толмаған баланың мүлкіне тыйым салуды сұрап отырсыздар. Несие кепілмен рәсімделмеген, бұл ипотека емес. Мен үшін 90 мың теңге қомақты ақша", – деді қамқоршысы сотта.

Өз кезегінде қаржы ұйымының өкілі Асель Есентаева қарыз алушы қайтыс болғаннан кейін банк жеңілдік жасағанын айтты.

Ақтөбелік көпбалалы жетім ана баласына қалған мұра үшін үй кезегінен шығып қалғанОқыңыз

Оның сөзінше, банк мерзімі өткен төлемдер үшін есептелген барлық өсімпұлдарды толықтай кешірген. Қаржы ұйымы тек негізгі қарыз сомасын ғана өндіріп алуды талап етіп отыр.

Қазір іс соттың қарауында. Қыздың туыстары алаңдаушылық білдіріп, бұл талап-арыздың салдарынан баланың жалғыз баспанасынан айырылып қалу қаупі бар екенін айтып отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу