freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыдағы жол апаты: үш адамның өліміне кінәлі жүргізуші 10 жылға сотталды

Қоғам
Алматыдағы жол апаты: үш адамның өліміне кінәлі жүргізуші 10 жылға сотталды
Фото: видеодан кадр

Алматыда үш адамның өмірін қиған атышулы жол-көлік оқиғасы бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Сот мас күйінде көлік басқарған Александр Пакты кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Қылмыстық іс бойынша төрағалық еткен судья Еркін Майшиновтың мәліметінше, 1993 жылы туған Александр Пак Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 4-бөлігі («Алкогольдік масаң күйде жол қозғалысы ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу») бойынша кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі ең төмен мекемесінде 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сондай-ақ сот жәбірленуші Рүстембек Шотеновтың моральдық шығынды өндіру туралы азаматтық талабын ішінара қанағаттандырып, оның пайдасына 10 миллион теңге өндіріп беру туралы шешім шығарды.

Еске салайық, қайғылы жол апаты 2026 жылғы 21 наурызда Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған. Тергеу мәліметіне сәйкес, Zeekr маркалы автокөлікті басқарған Александр Пак мас күйінде қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал Zeekr жүргізушісі аман қалған.

Оқиғадан кейін бұқаралық ақпарат құралдарында күдіктінің жол үстінде жарысқа қатысқаны туралы ақпарат тараған болатын. Аталған дерек қоғамда үлкен резонанс тудырып, тексеру жүргізу үшін Алматыға Ішкі істер министрлігінің Дербес қауіпсіздік департаменті, Әкімшілік полиция комитеті және Жеке құраммен жұмыс департаментінің қызметкерлері жіберілген еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу