freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Журналист Лұқпан Ахмедьяров тергеуден кейін босатылды

Қоғам
Журналист Лұқпан Ахмедьяров тергеуден кейін босатылды
Фото: видеодан кадр

Журналист Лұқпан Ахмедьяровтың ұсталуына қатысты мән-жай белгілі болды. Бұған дейін полиция қызметкерлері оның құжаттарын тексеру үшін тоқтатып, Ресей ІІМ-нің сұрауы бойынша халықаралық іздеуде жүргенін хабарлаған, деп хабарлайды Malim.kz РЕСПУБЛИКА.KZ.media-ға сілтеме жасап.

Ұсталғаннан кейін Ахмедьяров алдымен наркологиялық диспансерге медициналық куәландырудан өту үшін жеткізілді. Кейін ол Орал қаласындағы Абай аудандық полиция бөліміне апарылған. Сол жерде журналистке Ресей ІІМ-і 2025 жылғы 1 наурызда оған қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 207.3-бабы бойынша қылмыстық іс қозғағаны хабарланған. Бұл бап Ресей Қарулы күштерін пайдалану туралы көрінеу жалған ақпаратты жария түрде таратуға қатысты.

Жағдайға пікір білдірген Ахмедьяров өзіне тағылған айыптың негізін түсінбейтінін айтты.

Мен ол жақта көптен бері болған жоқпын және баруға да құлшынып тұрғаным жоқ. Олар мені 2025 жылы Ресей аумағында қылмыс жасап, тергеуден жасырынды деп отыр. Бұл қайдан шыққан дүние? – деді журналист полиция бөлімінен шыққан соң.

Оның айтуынша, қылмыстық іс кәсіби қызметімен байланысты болуы мүмкін. Ахмедьяровтың «Просто журналистика» атты YouTube арнасында Украинадағы соғыс тақырыбына арналған материалдар тұрақты жарияланып тұрады.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері журналистке өзі басқарған көлікке міндетті сақтандыру полисінің болмауына байланысты әкімшілік айыппұл салған. Медициналық сараптама қорытындысы алынғаннан кейін Ахмедьяров босатылды.

Құқықтық медиа орталығының мәліметінше, тексеру барысында Ахмедьяровтың мүддесін MediaQoldau заң қызметінің адвокаты Мереке Ғабдуәлиев қорғаған.

Қазіргі уақытта Ресейдің құқық қорғау органдары аталған қылмыстық іс бойынша ресми түсініктеме берген жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу