5 жасар баланың бетін пышақпен тілген жасөспірімді санитарлар ұрып соққан

Жасөспірімнің анасы полицияға арыз жазып, сот-медициналық сараптама жүргізуді талап етті

Сабина Асқарқызы

  • 26.02.2025

Елордадағы психоневрологиялық диспансерде санитар 14 жастағы, шизофрения диагнозы қойылған жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соқты деген ақпарат тарады. Бұл туралы "Ерекше балалар ата-аналары одағы" астаналық филиалының жетекшісі Гүлсан Мауйна мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиғаға дейін аталған жасөспірім 5 жастағы балаға пышақпен шабуыл жасап, кейіннен ауруханаға жатқызылған. Ол ересектер бөлімшесіне орналастырылған. Гүлсан Мауйнаның айтуынша, сонда оны ұрып-соғып, қорлаған. Санитарлар балаға күш көрсетіп, балағат сөздер айтып, тіпті кітаппен соққы берген. Оқиға бейнебақылау камералары орнатылмаған палатада болған.

Жасөспірімнің анасы полицияға арыз жазып, сот-медициналық сараптама жүргізуді талап етті.

Кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын салу фактісі бойынша тексеру жүргізілуде. Бұл оқиға Алматы ауданы полиция басқармасында тіркелді. Тексеру нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданады, – деп мәлімдеді Астана қаласы ПД өкілдері.

Алайда Қалалық психикалық денсаулық орталығы баланы тексеру кезінде ешқандай дене жарақаты анықталмағанын хабарлады. Анасының шағымынан кейін ауруханаға полиция қызметкері келіп, кезекші дәрігер мен медбике баланы қарап, анасының келісімімен фотофиксация жүргізген.

Дене жарақаттарын тексеру барысында терісі таза, бүтіндігі бұзылмаған, науқастың көрсеткен жерлерінде көгерулер мен ісінулер анықталған жоқ. Науқастың анасы түсіндіру жұмыстарына қатысып, полиция қызметкерлері мен медицина мамандары оған баланың денесінен жарақат белгілері табылмағанын хабарлады, – деп мәлімдеді орталық.

Ертең сот-медициналық сараптама өтеді, оның нәтижелері қосымша хабарланатын болады. Бұл іс қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бақылауында.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Астананың әуе кеңістігі уақытша жабылады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Астанада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

15.04.2025

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

14.04.2025

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

14.04.2025

Астанадағы Алматы көшесі жабылды

13.04.2025
MalimBlocks
Астананың әуе кеңістігі уақытша жабылады

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Астанада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

Астанадағы Алматы көшесі жабылды