457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Самат Жанғазин: "Қайрат Нұртас әнімді ұрлады"

Автор және орындаушы Самат Жанғазин Қайрат Нұртастың атына жолдаған үндеуін таратуды сұрады, - деп хабарлайды Malim.kz. 

Саматтың айтуынша, ол «О, Маххаббат» әнін өзі жазған, алайда бұл туындыны неге екені белгісіз, Қайрат Нұртас орындап жүр. Оның үстіне, ешқандай рұқсат сұрамағанын айтады. 

Бұл қалай болғаны? Қайрат Нұртас бауырым менің еңбектеніп, композитор Дәурен Шәріп ағамызбен былтырдан бері дайындап, қаншама оны ұштап, күні-түні ұйықтамай студияда жазып, оранжировщик Азамат Сәбетов та  жұмысын қойып, күн-түнге қарамай бізбен студияда жұмыс істеп, еңбектеніп жазған әнімізді дайын өнімдер сұрамай алып жаза салу деген қалай түсінесіздер?", – дейді әнші әлеуметтік желідегі жеке парақшасында. 

Осыған байланысты Жанғазин қазақстандық эстрада жұлдызына ресми түрде ескертіп отыр: егер Қайрат Нұртас онымен келісімге келмесе, ол сотқа жүгінуге мәжбүр болады. Әнші ол әнді 4 наурыз күні тіркеп, авторлық құқық иесі атанған құжатын көрсетті.

Айтпақшы, авторлық құқықты сақтамағаны үшін шамамен 5 миллион теңге көлемінде өтемақы өндіруге болады.

Фото: видеодан скрин