Байзақтағы жарылысқа қатысты екі сарбаздың жазасын 9 жылдан 13 жылға ұзартты

Сотталушылар «Әділет жоқ! Кінәміз жоқ!» деп айқайлап наразылығын білдірді.

Malim Админ

  • 14.03.2024

13 наурызда Астанадағы әскери сот 2021 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданының әскери бөлімінде болған жарылысқа айыпталған екі сарбаздың жазасын 9 жылдан 13 жылға ұзартты. Ал бұған дейін Шымкент әскери гарнизоны соты ақтаған екі офицер 5 жылға сотталды. Бұл туралы «Азаттық» радиосы жазды.

Апелляциялық сот "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бабымен 9 жылға сотталған 22 жастағы сарбаздар Әсет Әшірбай мен Ерпулат Тұрановтың жазасын 13 жылға ұзартты. Олар жазаны қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді.

Ал бұған дейін "Қызметке салғырт қарау" бабымен ақталған төрт офицердің екеуі Аслан Бақытжанов пен Руслан Несіпқалиев 5 жылға сотталды. Екі офицер сот залынан қамауға алынды. Олар жазаны қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтейді.

Сотталушылар сот үкімімен келіспеді.  Сот алқасы сот залынан шыққан соң «Әділет жоқ! Кінәміз жоқ!» деп айқайлап наразылығын білдірді.

Айта кетейік, 2021 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада жарылыс болып, 18 адам қаза тапты, жүзге жуық адам жарақаттанған. Ресми мәлімет бойынша, жарылыс шығыны 25 млрд теңгеге жеткен. Сот бұл шығынды Тұранов пен Әшірбайдан өндіруді міндеттеген.

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды