Балаларды рухани-адамгершілік тәрбиелеу стратегиясы талқыланды

Malim Админ

  • 12.01.2021

12 қаңтарда, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалық етуімен онлайн-форматта «Мeктeпкe дeйiн жәнe мeктeп жacындaғы бaлaлapды pухaни-aдaмгepшiлiк тұрғысынан тәpбиeлeу cтpaтeгияcын» талқылау бойынша отырыс өтті. Шара жастық топтардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін ескеретін «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа әдістемелерін жүзеге асыру аясында өтіп отыр.
Отырысқа ел аймақтарының білім және тәрбие беру саласында қызмет етіп жүрген ұйымдардың басшылары, қоғам қайраткерлері, мұғалімдер, телеарналардың жетекшілері қатысты.
Аталған жоба өскелең ұрпақпен тәрбиелік жұмысты жүргізу принциптерін жүйелеу үшін «Pухaни жaңғыpу» бaғдapлaмacының аясында жүзеге асырылатын болады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтарын жан-жақты түсінуін ескеретін шаралардың маңызды бөлігі ретінде мектепке дейін және мектеп жасындағы балаларды рухани тұрғыда тәрбиелеу бойынша оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу болмақ.
Министр Аида Балаева: «Жалпы бұл тақырып – көптен бері көкейде жүрген мәселелердің бірі. Өздеріңіз білесіздер, біздің Министрлік «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруды үйлестіруші орган. Сонымен қатар, қоғамның жалпы жан-жақты дамуына қатысты ұйымдастыру жұмыстарын атқарады. Қоғамды дамыту дегеніміз не? Ол ең бірінші әрине –өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінен бастау алады. Бала тәрбиесі – қашанда қоғам үшін маңызды мәселе. Жасыратыны жоқ, бүгінгі күнгі балалардың тәрбиесіне, олардың ой қалыптастыруына әсер ететін сыртқы факторлар өте көп. Соның ішінде әсіресе, виртуалды әлемнің, бақылаудан тыс интернеттің ықпалы өте зор болып тұр. Сондықтан уақыт – ұрпақ тәрбиесіне жаңа қырынан қарауды талап етіп отыр. Қазір, өкінішке орай, балалар арасында қатыгездікке бейімдік, суицид, толеранттықтың төмендігі сияқты түрлі келеңсіздіктер кездеседі», - деді.
Сонымен қатар, министр бұл сұрақ кешенді зерттеуді қажет ететіндігін және қоғам үшін бала тәрбиесінде ата-анамен бірге бала-бақша, мектептердің де жауапкершілігі өте үлкен екендігін атап өтті. «Сондықтан, бұл жобаны біз Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп жүзеге асырамыз деген үміттеміз», - деді Аида Балаева.
Шараға қатысушыларды Стратегиямен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының орынбасары Әсем Қайдарова таныстырды. Ол, өз сөзінде, құжатта «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтарын оқушылардың терең ұғынуы мен мектеп бағдарламасы пәндерімен ұштастырудағы ұсынымдарға ерекше көңіл бөлінгендігін жеткізді.
Аталған құжат отансүйшіштік, өлкетанушылық пен кәсіби бағдар беру бағыттары бойынша әзірленген. Стратегия мeктeпкe дeйiнгі балаларды, бастауыш, ортаңғы және жоғары сыныптардың оқушыларын қамтиды.
Онлай-шара барысында өздерінің пікірлерімен Өскемен қаласы №27 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Бек Мұқанов, Нұр-Сұлтан қаласы № 66 мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Толқын Бейсекова бөлісті. Сонымен қатар, талқылауға «Balapan», «El Arna» телеарналарының басшылары Мақпал Жұмабай, Арман Сеитмамыт, «Ұлт тағдыры» ҚБ жетекшісі Дос Көшім, "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы, «Atamnyn amanaty» ҚБ жетекшісі Әлия Сағымбаева және басқалар қатысты.
Талқылау барысында қатысушылар тарапынан мeктeпкe дeйiн жәнe мeктeп жacындaғы бaлaлapды pухaни-aдaмгepшiлiк тәрбиелеу тұрғысына қатысты бірқатар ұсынымдар айтылды. 

Байланысты жаналықтар

Реклама депутата Даулета Мукаева обернулась скандалом

25.05.2023

Маңғыстауда жемқорлардың арқасында 4 мектеп салынады

24.05.2023

Суы мол Текелінің тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

23.05.2023

Сусыз қалған астаналықтар көшені жауып тастады 

23.05.2023

Медицинский чекап для молодоженов вводит Минздрав

23.05.2023

Тұрғындарды үйсіз қалдырған әкім сөгіс алды

23.05.2023
MalimBlocks
Реклама депутата Даулета Мукаева обернулась скандалом

Жители столичного комплекса Bai-Tursyn жалуются на рекламу депутата парламента с большой аудиторией в соцсетях Даулета Мукаева. Они считают, что парламентарий, еще до обретения депутатского мандата, ввел их в заблуждение, рекламируя новостройки, качеством которой они сейчас недовольны.

Маңғыстауда жемқорлардың арқасында 4 мектеп салынады

Маңғыстау облысында жемқорлықпен айыпталған шенеуніктерден тәркіленген қаржыға биыл 4 мектеп салынатын болды.

Суы мол Текелінің тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

Жетісу облысындағы Текелі қаласының 30 мыңнан астам тұрғыны ауыз суды Қора өзенінен ішіп отыр.

Сусыз қалған астаналықтар көшені жауып тастады 

Олар амалсыздан осындай әрекетке барып отыр

Медицинский чекап для молодоженов вводит Минздрав

Минздрав Казахстана предлагает ввести паспорт здоровья для будущих семейных пар. Документ предполагает прохождение комплексного медицинского обследования.

Тұрғындарды үйсіз қалдырған әкім сөгіс алды

Биыл осы мақсатқа 67 млн теңге жоспарланған, алайда тиісті жұмыстар  жүргізілмеген.