«Бұрғылау» наразылыққа шыққандарға жауап берді

  • 14.02.2022

9 ақпанда Маңғыстау облысындағы кен орындарында мұнай өндіру саласында қызмет көрсететін "Бұрғылау" компаниясының 400-ге жуық қызметкері жұмысы жасаудан бас тартқан. Олар жұмыс берушіге кемінде бір миллион теңге көлемінде еңбекақы белгілеу, ұжымдық шарттың талаптарын қайта қарау, компанияны "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ-ға беру, жұмысшыларды аутстаффингке ауыстыру сияқты оннан астам талап қойды. Осыған орай “Бұрғылау” ЖШС Маңғыстауда ереуілге шыққан жұмысшылардың талабына жауап берді.

Компания басшылығы қызметкерлерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес қойылған барлық талаптарды сындарлы талқылау үшін келіссөз жүргізуге шақырған. Компанияның сайтында жұмысшылардың барлық талаптарына қатысты жауап беріліп, түсініктемелер жазылған.

Атап айтқанда, "Бұрғылау" қызметкерлері ең төменгі жалақыны 1 миллион теңгеден кем емес етіп белгілеу қажет деп санайды.

Компания "Бұрғылау" ЖШС жұмысшыларының жалақысы саладағы ең жоғары жалақылардың қатарында екенін атап өтті. Кәсіпорын бойынша орташа айлық жалақы 2021 жылдың қорытындысы бойынша 887 мың теңгені құрады.

Сонымен бірге, ұжымдық шартқа сәйкес жалақы жыл сайын инфляция деңгейіне қарай көтеріледі. Осылайша, 2008-2021 жылдар аралығындағы орташа жалақы 158 мыңнан 887 мың теңгеге дейін өсті. Ал 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол тағы 10%-ға өсті.

“2022 жылы 5-разрядтағы өндіру-барлау бұрғылаушысының айлық тарифтік мөлшерлемесі – 543 112 теңге, бұрғылаушы көмекшісі –  451 463 теңге. Жұмыс режимін, қосымша төлемдер мен сыйақыларды есепке алғанда, бір бұрғылаушының орташа жалақысы 1 098 191 теңгені, ал помбуршыныкі 912 874 теңгені құрайды”, – деп түсіндірді компания.

Бұл ретте "Бұрғылау" ЖШС-нің қолданыстағы ұжымдық шарты тапсырыс беруші компания – "Өзенмұнайгаз" АҚ ұжымдық шартымен толықтай бір деңгейде екені де айтылды.

“Ұжымдық шартқа сай қызметкерлерді әлеуметтік қолдаудың түрлі шаралары, атап айтқанда, мерекелік сыйлықақылар, 13-ші еңбекақы, қосымша төлемдер мен жәрдемақылар, әртүрлі материалдық көмек түрлері, санаторийлер мен балалар лагерлеріне жолдамалар және т.б. әлеуметтік қолдау түрлері қарастырылған. Сонымен қатар, қосымша демалыс күндері, материалдық төлемдердің көлемін ұлғайту, лагерьлерге жолдамал берілетін балалардың жасын ұлғайту және қызметкерлерді қолдаудың басқа да әлеуметтік шаралары қамтылған. Онымен қоса 1 ақпаннан бастап демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін қосымша ақы 1,5 еседен 2 есеге дейін өсті”, – делінген хабарламада.

Компания Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің ресми жауабына сілтеме жасай отырып, мұнай кәсіпшілігіне қызмет көрсететін компанияларды олардың "ҚазМұнайГаз" АҚ-ны сатып алу арқылы мемлекет меншігіне алу қарастырылмағанын айтады.

Байланысты жаналықтар

1 сәуірден бастап бензин қымбаттайды

30.03.2023

«Депутаттар, шығыңдар!». Ашынған әйелдер Парламент үйіне барды  

29.03.2023

Астананы азық-түлікпен қамту қалай жүргізіліп жатыр?

28.03.2023

Қазақстанда аутизммен ауыратын балалар көбейді 

27.03.2023

Мүфтият «Алланың миссиясы бітті» деген әйелге қатысты мәлімдеме жасады

24.03.2023

Ермұрат Бапи: Маған сенім артқан халықтан басқа ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!

23.03.2023
MalimBlocks
1 сәуірден бастап бензин қымбаттайды

Қазіргі бағадан 182-185 теңге жоғары

«Депутаттар, шығыңдар!». Ашынған әйелдер Парламент үйіне барды  

Олардың шағымын журналистер ғана тыңдады

Астананы азық-түлікпен қамту қалай жүргізіліп жатыр?

22 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қазақстанда аутизммен ауыратын балалар көбейді 

Психологиялық-педагогикалық көмек көрсету жеткіліксіз

Мүфтият «Алланың миссиясы бітті» деген әйелге қатысты мәлімдеме жасады

Мүфти Алланың атынан жалған сөйлеу, өте ауыр күнә екенін айтты

Ермұрат Бапи: Маған сенім артқан халықтан басқа ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!

«Өзеннің арғы бетінде қалған» әріптестеріме не дейін?