"Цой мырза, көмегіңіз керек!"

Белсенділер Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан педофилдің құрбаны болған қыздың сауығып кетуіне қол ұшын беруін сұрап жатыр.
«28 шілде күні Байқоңыр қаласында тағы бір трагедия болды. Жеті жастағы қыз педофилден зардап шекті. Қазір операция жасалып, денсаулығын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, бұл отбасыға көмектесіңізші. Мүмкін қыз баланы Алматыдағы жақсы емдейтін клиникаға ауыстыру керек шығар. Бала мен анасына психологтың көмегі керек. Міндетті түрде Алматыға емделуге келсе жақсы болар еді, өйткені осы жерде біз тікелей көмектесе аламыз» деп жазылған фейсбуктегі Немолчиkz парақшасында.
Қылмыскер дереу ұсталған. Қазір тергеу жұмыс жүріп жатыр.
Фото интернеттен алынды
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Цой: Тегін вакцина салдырғыңыз келмесе, апта сайын ПТР тапсырыңыз
Қызмет көрсету саласы қызметкерлері, өнеркәсіп пен өзге де қызметкер саны жиырмадан асатын ұжымдар вакцина алудан бас тартқан жағдайда апта сайын ПТР тапсыруға міндеттеледі. Бұл туралы бүгін брифингіде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.