«Дені сау ұлт» жобасы. Маңғыстауда не істеліп жатыр?
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау саласы бойынша «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасының аясында өңірдің медицина ұйымдарының инфрақұрылымын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар оңтайлы атқарылып келеді.
2023 жылдың жылдың мерзімді кезеңі қорытындысы бойынша өңірде медициналық-демографиялық жағдайы бойынша халықтың туу деңгейі -26,40 пайызды құрады. Бұл меже былтыр осы уақытта -27,92 пайыз шамасында болған еді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары халықтың табиғи өсу коэффициенті 1000 тұрғынға шаққанда - 22,59 пайыз екенін мәлімдеді. Дегенмен бұл көрсеткші республика бойынша Республикада алдыңғы орында тұр.
Сәбилер арасындағы өлім-жітімінің көрсеткіші – 5,5 пайыз болса, жаңа туған 1000 сәбиге шаққанда былтырғы жылмен салыстырғанда 33,7%-ға төмендегені анық байқалды. Айта кететін бір жайт, 2023 жыл басталғалы бері өңірде жас босанған ана өлімі тіркелген жоқ.
Аурухана нысандарын салу бойынша былтыр жеке инвестициялар есебінен Жаңаөзен қаласында 175 төсектік көпбейінді нысан құрылысы салынып, пайдалануға берілген болатын. Заманауи құрылғылармен жабдықталған 100 төсектік онкология орталығы іске қосылғаннан кейін науқастардың басқа өңірлерге кетуі азайған.
«Самұрық-Қазына» Ұлттық қорының қолдауымен «Қамқорлық» атты 100 төсек орындық оңалту орталығы ашылды. Аталған ірі орталықтың ашылуы оңалту және қалпына келтіру, ем-шараларға мұқтаж балалар республикалық орталықтарға бармай, облыс деңгейінде ем алуға мүмкіндік туды», - дейді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибізада Дүйсенбаева. Сонымен қатар, медициналық қызметтің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсететін 6 жеке меншік ұйымы ашылып, ел игілігіне табысталды.
Маңғыстау облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары шеңберінде Мұнайлы ауданында 150 төсектік аудандық орталық аурухананың құрылысы жалғасып жатыр. Бұдан басқа, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Жаңаөзен қаласы Рахат ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталып отыр.
2023 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 3 алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету объектілерін салу жоспарланған дейді басқарма мамандары. Денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасы жыл сайын жаңартылып келе жатқаны тағы бар. Осы бағытқа облыстық бюджет есебінен қаржы қарастырылып, барлығы 352 дана медициналық техника сатып алынды. Оның ішіндегі 12 данасы күрделі медициналық техника, қазіргі таңда орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Облыстың кешенді жоспары аясында республикалық бюджет есебінен лизинг арқылы жедел-жәрдем станциясына 5 реанимобиль сатып алынды. Бүгінге емдеу орындарының жабдықталу көрсеткіші - 93%-ды құрады. Бұл жұмыстар биыл да жалғасады. Ол үшін бюджеттен 4 млрд. теңге қаржы қарастырылған», - деді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибізада Дүйсенбаева.
Дәрі-дәрмекпен қамту мәселесі тұрақты бақылауға алынған. Соңғы 3 жылда дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге бөлінген қаражат көлемі 6,3 млрд. теңгеден 11,1 млрд. теңгеге ұлғайып отыр. Сонымен қатар, қосымша жергілікті бюджеттен 315,0 млн. теңге қаражат бөлінді.
Бүгінгі таңда 228 маманның қажеттілігі анық сезіледі.
Маман тапшылығын шешу үшін 2021 жылы 64 облыс әкімінің гранты бөлінсе, 2022 жылы оның саны 157-ге ұлғайтылған. Одан өзге, басқа өңірлерден мамандар шықырту бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде 2022 жылы денсаулық саласына 110 дәрігер облысқа келді. Мамандардың тұрақтылығы мен келуін қамтамасыз ету үшін облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспарына сәйкес жергілікті бюджеттен денсаулық сақтау мамандарын қызметтік баспанамен қамтамасыз ету үшін 7 пәтер сатып алынған. Одан басқа, 2023 жылы жұмыс орны бойынша тұрғын үйге мұқтаж ауылдық жерге жұмыс істеуге жіберілген дәрігерлерге әлеуметтік қолдауға әр маманға 1,5 млн теңгеден қаржы қарастырылды. Қазіргі таңда, «Резидентура» біліктілігі бойынша облыстың медициналық ұйымдары үшін 36 кадр даярлауға қаражат қарастырылған. Сондай-ақ, 19 дәрігердің біліктілігін арттыру мақсатында Мәскеу және Вильнюс қалаларына білімін жетілдіруге курстарына жіберілу жоспарланып отыр.