Ел өз әкімдерін сайлауға мүмкіндік алғанына риза
Кез келген саяси науқанда түркістандықтар белсенді ғой. Референдумның одан кейінгі Президент сайлауының нәтижесінен біз соны аңғарамыз. Мен референдумға дейін ауданда еріктілер ұйымына жетекшілік жасадым. Созақ жастары бірігіп "VALUE" волонтерлар ұйымын құрып, әлеуметтік, қоғамдық жұмыстарға атсалысып жүрген болатынбыз. Референдумда "AMANAT" партиясының Жастар Рухы жастар қанаты жанында қызмет еттік. Ата заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша заңның 33 бабына 56 өзгеріс енгізілді. Конституциялық түзетулер жобасы азаматтардың сұранысына негізделіп және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылды деп сөйлегенбіз. Бұл бізге үлкен тәжірибе болды. Референдумнан кейін "AMANAT" партиясы Созақ аудандық филиалының Жастар Рухы жастар қанатының төрағасы болдым. Жастарға жетекшілік ете жүріп, ҚР Президентінің сайлауы, ҚР Парламенті мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының сайлауына қатыстым.
Ата Заңға өзгертулер мен толықтырулар жасау жөнінде Жарлық шыққанда,оның негізгі мәні ашықтық әділдік орнату болды. Адамдардың құқы халықтың мүдесі қаралды. Бүгін болып жатқан өзгерістердің бәрі осы Ата Заңымызға енген өзгерістердің нәтижесі деп білемін. Президент өзінің «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасында: Жаңа Қазақстан бір күнде немесе бір жылда құрылмайтыны анық. Мұны жүзеге асыру үшін,бір ғана билік әрекет етсе, бұл жеткіліксіз. Бүкіл ел болып жұмылсақ, көздеген мақсатымызға жетеміз» деді емес пе.
Ал референдумнан кейін маңызды Үндеуін жасады. Үндеудің маған ұнаған тұсына тоқталайын.
Ата заңға өзгерістер енгізу реформаларымыздың соңғы сатысын емес, енді басталғанын білдіреді. Біз елімізді жан-жақты жаңғыртуды жалғастырамыз. Жаңартылған Конституция негізінде биліктің барлық институты қызметінің мейлінше тиімді моделін қалыптастырамыз. Олардың арасындағы үйлесім мен тепе-теңдік механизмін нығайтамыз. Дәйекті саяси жаңғыру ұлттық экономиканы дамытуға, ұлттық кәсіпкерлікті нығайтуға ықпал етеді.
Енді біздің алдымызда ашық әрі әділетті экономика құрып, заңнамаға реформа жүргізу міндеті тұр. Қолдан жасалған монополияларды түбегейлі жойып, сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою маңызды. Біз кәсіпкерлердің бастамаларына қолдау көрсетіп, жекеменшікті сақтап, бәсекелестікті күшейтуіміз керек. Алдымызда экономиканы шынайы әртараптандыру бойынша ауқымды жұмыстар тұр. Жоғары өнімді ауыл шаруашылығы мен қуатты көлік-логистика жүйесін дамыту, барлық салада цифрлық экожүйе қалыптастыру үшін шаралар қабылдау қажет. Еліміздің орнықты дамуының негізгі қозғаушы күші еңбек, білім және азаматтық белсенділік болуға тиіс. Тек сонда ғана өзін-өзі қамтамасыз ететін орта тап пен тиімді экономика қалыптастыра аламыз. Бұндай экономика кірісті әділетті бөлуге, сапалы жұмыс орнын ашуға, тұрмыс сапасын тұрақты арттыруға және барлық азаматтардың толыққанды жетілуіне мүмкіндік береді. Мемлекеттік аппаратты жаңғыртып, бюрократиядан барынша арылту үшін жүйелі жұмыс жалғасады. Біз қоғамның барлық өкілдерінің талап-тілектеріне жауап беретін озық мемлекет құруымыз керек. Басқару жүйесінің тиімділігі жұмыстың барысымен емес, түпкі нәтижемен өлшенетін болады. Мемлекеттік аппарат бизнеспен, үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен тығыз жұмыс істеуге баса назар аударуға тиіс. Сол арқылы ел мүддесіне сай тиімді шешімдер қабылданып, халыққа көрсетілетін қызмет сапасы жақсара түседі. Мемлекеттік қызметкерлер барынша ашық жұмыс жүргізіп, халыққа шынайы есеп беруі керек. Мемлекеттік қызмет дегеніміз – жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын жер емес. Бұл – туған халқыңның алдында айрықша жауапкершілік арқалау деген сөз. Конституциялық реформа бүкіл құқық саласын жаңғыртуға жол ашады. Парламент пен Үкімет Конституцияға енгізілген өзгерістерге сай Заңнамаға тиісті өзгертулер енгізуі қажет. Қазақстанда тиімді құқық қорғау және сот жүйесін құруға мүмкіндік беретін реформалар әзірленуге тиіс. Мұны әлемдік тәжірибені ескере отырып жүзеге асырған жөн», деді Мемлекет басшысы.
Биылғы сайлауда мажоритарлық жүйе енгізілді. Жастар мен әйелдерге арнайы квота берілді. Жақсы бастама. Менімше мажоритарлық жүйеде жастар мен әйелдердің квотасын сақтап қалу қиын. Бұл аралас жүйеде дұрыс шығар, бірақ толық мажоритарлы аудандық деңгейдегі сайлауда оңай болмайды екен.
Ал ауыл әкімдеріне келсек, ең алдымен оған халық риза. Себебі өздері сайлайды. Өздері сайлаған әкімге ұсыныстарын айта алады. Талаптарын қоя алады. Әкімде халықтың қолдауымен әкім болуға үміткер болып тіркеледі, елдің дауысымен қызметке келеді. Жастар Рухы жастар қанатында жүріп,7 ауылдық округ, кент әкімдерінің сайлауын өткердік. Бағдарламаларында бос уәде емес, нақты істер жазылады. Елдің ішінде жүріп,мәселелеріне қанық болған соң түседі ғой оларда.
Менің қызмет орным қысқартып айтқанда, Созақ аудандық Мансап орталығы филиалы. Осы орталықта ассистент болып жұмыс істеймін. Өзіме тапсырылған ауылдық округте атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың құжаттары, мемлекет беріп отырған жеңілдіктерге қол жеткізуіне атсалысу бағыты – біздікі.
«Жастар Рухы» жастар қанаты – қоғамдық жұмысым. Әртүрлі іс шаралар өткізіп, ондағы жоспарыма сай жұмыстарды ұйымдастырып отырамын. Биыл партияның "Ұлттық мұра" жобасы аясында аудан көлемінде бірнеше тарихи орындарға экскурсия ұйымдастырдық. "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында Толағай сайысын өткіздік. "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында қарт кісілердің үйіне көмектер көрсеттік. Мемлекеттік бағдарламаларды насихаттауға атсалысамыз.
Бір анығы – мемлекетімізде өзгеруге, дамуға деген құлшыныс, ұмтылыс бар. Ал оны жүзеге асыру – баршамыздың міндетіміз!
Ербол Ержігітов,
«Жастар Рухы» жастар қанатының Созақ аудандық филиалының төрағасы
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.