"Ел үлесі – пәтерге": 15 мұқтаж отбасы баспаналы болды

Malim Админ

  • 30.04.2022

Биылғы Қасиетті Рамазан айы - Ораза кезінде еліміздегі 15 мұқтаж отбасы баспаналы болған. Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы хабарлады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарламасына сәйкес, "Зекет және қайырымдылық" қоры биылғы Рамазан айында жомарт жандардың қолдауымен бірқатар қайырымды іс-шара атқарған. Қор және өкілдіктердің ұйымдастыруымен Рамазан айында 6 476 қайырымдылық іс-шарасы атқарылса, "Қолдан – қолға" жобасы аясында 4 865 адамға қаржылай зекет беріліп, біраз адам ізгі іске себепкер болған. Жалпы барлық жоба бойынша бір ай ішінде 1 015 610 адамға қайырымдылық көмек көрсетілген.
Ал "Ел үлесі – пәтерге" қайырымдылық акциясы бойынша 15 мұқтаж отбасыға 15 үйдің кілті берілген.
Науқас жандарды, атап айтқанда ауыр сырқатқа шалдыққан сәбилерді қолдау мақсатында "Өмірге үміт сыйла" және "Үміт сыйла сәбиге" қайырымдылық акциялары аясында өтініш білдірген 2 102 адам еміне көмек алды.

Бұдан бөлек әлеуметтік желілерде жарияланған бір көзін зақымдап алған 9 жасар Диана есімді бүлдіршіннің өтініші ескеріліп, оған Түркия мемлекетінде ота жасауға қаржылай көмек тағайындалған. Сонымен қатар Мүмкіндігі шектеулі он бір балаға қолданысына қажетті заттар сатып алып берілсе, Зағиптар қоғамының өтініші бойынша "шоудаун" теннис үстеліне де көмек көрсетілді - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында жүйелі түрде жарияланып отырған қайырымдылық шараларының есебіне негізделген Биылғы Рамазан айының қысқаша есебі осы. 

Енді қасиетті айда жасалған қайырымдылық амалдары мен ізгі істер тізбесіне нақтырақ тоқталайық:

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық» қоры Рамазан айында жомарт жандардың демеуімен бірқатар іс-шара атқарып, елдің алғысына бөленді. Атап айтқанда, елімізде қордың ауқымды жобаларының бірі «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы бойынша 15 мұқтаж отбасыға 15 үйдің кілті берілді. Науқас жандарды, әсіресе ауыр сырқатқа шалдыққан сәбилерді қолдау мақсатында «Өмірге үміт сыйла» және «Үміт сыйла сәбиге» қайырымдылық науқандары аясында өтініш білдірген 2 102 адамның еміне көмек көрсетілді. Одан өзге әлеуметтік желілерде жарияланған бір көзін зақымдап алған 9 жасар Диананың өтініші ескеріліп, оған Түркия мемлекетінде ота жасауға қаржылай көмек берілді. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі он бір балаға қолданысына қажетті заттар алып беріліп, Зағиптар қоғамының өтініші бойынша «шоудаун» теннис үстеліне көмек көрсетілді, - делінген қор таратқан хабарламада.

Бұдан бөлек «Зекет және қайырымдылық» қоры Рамазан айында дін саласында білім алып жатқан шәкірттерді де қуантты. Мәселен «Мешіт пен медреселерге көмек» жобасы аясында  мешіт-медреселерге және дін саласында оқып жатқан шәкірттерге демеушілердің қолдауымен көмек жасалды. Сонымен қатар, «ҚМДБ гранты» қайырымдылық науқаны бойынша Нұр-Мүбарак университетінде оқып жатқан бірнеше шәкірттің жылдық оқу ақысы төленді. Жалпы ҚМДБ өкілдіктерінің қолдауымен біршама шәкірттің оқу ақысын төлеу жоспарланғанын айтты қор мамандары.

«Тайқазан» және «Қайырымды жұма» жобалары аясында демеушілердің қолдауымен 74 867 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілсе, «Ауызашар себеті» акциясы аясында отыз күн бойы 920 133 адамға ауызашар себеттері таратылған болатын. Мешіттер маңындағы қайырымдылық дүкендері арқылы мыңнан аса отбасыға киім-кешек таратылды - хабарлама мәтіні.

Сондай-ақ хабарламада қайырымдылық акциялары аясында «Қиындықта ел бірге» жобасымен биыл су басқан Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданына қарасты Шалғын ауылының тұрғындарына көрпе-төсеніштерін алып беріліп, Жәнібек ауданына қарасты Жақсыбай  ауылына азық-түлік, киім-кешек және күнделікті тұрмысқа  қажет  заттар  жөнелтілгені жазылған.

Қордың танымал жобаларының бірі «Жылулық сыйла» науқаны бойынша 3946 отбасыға коммуналдық қызмет төлемдеріне көмек көрсетілсе, 902 отбасыға ірі көлемде ет таратылған. Сонымен қатар «Көшпелі қайырымдылық керуені» қайырымдылық жобасы негізінде 3101 отбасыға қаржылай және киім-кешек түрінде көмек көрсетілді.

Қайырымдылық науқаны барысында жетім-жесірлер де назардан тыс қалған жоқ. Ата-ана қамқорлығынан айырылып, тағдыр тауқыметін ерте тартқан балаларды қолдау мақсатында «Жетім көрсең, жебей жүр» жобасы аясында 4035 жетім балаға әртүрлі көмек берілді. Ал «Аналарға тосын сый» жобасы негізінде 419 анаға тосын сый табысталды.

Қорыта айтқанда, биылғы жылдың Рамазан айында «Зекет және қайырымдылық» қоры және өкілдіктердің ұйымдастыруымен Рамазан айында қайырымдылық іс-шараларыы атқарылып, «Қолдан – қолға» жобасы аясында мұқтаж адамдарға қаржылай зекет берілген. Барлық жоба бойынша әзірге бір ай ішінде жалпы нақты қанша адамға көрсетілгені туралы ақпар жоқ, алайда қайырымдылық акциясының ауқымы биыл өте кең болғаны айдан анық. Осылайша ізгілікке пен қайырымдылыққа толы ай аяғына жетті. Бір ай ішінде біршама мұқтаж отбасыны қамтыған қайырымдылық шарасы әлі де жалғасын табады деген үміт зор.

 

Байланысты жаналықтар

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

27.06.2024

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

25.06.2024
MalimBlocks
Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

Ұлттық нақышты киім-кешекке принт түрінде түсіріп, ұлттық сананы жаңғырту жолдарын іздеген дарынды суретші, ұлт жанашыры Аңсаған Мұстафамен әңгімелесудің сәті түсті.