Facebook өкілі: Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып CRS жүйесіне кірді

  • 02.11.2021

Meta (бұрынғы – Facebook) компаниясының Қытай, Орталық Азия және Моңғолиядағы жұртшылықпен байланыс жөніндегі өңірлік директоры Джордж Чен Қазақстанның Орталық Азияда CRS компаниясының ішкі жүйесіне қол жеткізген алғашқы ел болғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Meta-ның бүкіл әлем үкіметтері жергілікті заңнаманы бұзатын контент туралы хабарлай алатын арнайы онлайн-арнасы (Content Reporting System, CRS), бар. Қазақстан сол CRS жүйесінің бір бөлігіне айналды», - деп жазды Джоржд Чен Facebook-тегі ресми парақшасында. Бұған дейін Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Facebook интернеттегі Балалардың құқықтарын қорғау үшін зиянды контентке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастық орнатуға уағдаласқанын хабарланған болатын. Қазақстан Үкіметіне Facebook тарапынан қауіпсіздікті және ақпараттық кеңістікті арттыру мәселесін шешуге көмек көрсету үшін ішкі «контент туралы хабарлама жүйесіне (Content Reporting System (CRS) тікелей кіретін мүмкіндік берілді. Соның арқасында ақпарат саласына жауапты министрлік Facebook-ке жаһандық саясаттың да, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасының да бұзушылықтары бар контент туралы жедел хабарлауға мүмкіндік береді. 28 қазанда Facebook командасы министрліктің мамандарына «контент туралы хабарлама жүйесімен» жұмыс істеу, сондай-ақ Facebook-тің контент саясаты және қоғамдастық стандарттары бойынша тренинг өткізді. Қараша айының басынан бастап министрлік аталмыш жүйеде жұмыс істей бастайды. Екі тарап та өзара іс-қимылдың тұрақты тетігін, оның ішінде министрлікпен түрлі аспектілер бойынша тығыз жұмыс істейтін Facebook өңірлік офисінен уәкілетті өкілді анықтауды көздейтін тұрақты тетігін белгілеу туралы келісімге келді. «Контент туралы хабарлама жүйесі (CRS) дегеніміз – «Meta» компаниясының «Facebook» және «Instagram» платформаларындағы жаһандық контент саясатын да, жүйеге рұқсаты бар мемлекеттердің ұлттық заңнама талаптарын да бұзатын контент туралы хабарлама жіберуге пайдаланылатын ішкі ақпараттық жүйесі. CRS жүйесі әлем мемлекеттерінің, бұдан былай Қазақстан Республикасының да уәкілетті органдары үшін «Meta» («Facebook») компаниясының контенттік саясатқа жауап беретін халықаралық командасымен тікелей байланыс арнасын ұсынады. CRS қолдану зиянды контентті жою бойынша қабылданып жатқан шаралардың жеделдігін және жалпы «Facebook» пен «Instagram» платформаларында заңнамаға қайшы келетін материалдардың таралуына қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.


 

 

Байланысты жаналықтар

«Қазақстан барысы» Жоламановтың ағасы  43 млн қарызын қайтармай жүр  

08.06.2023

Н.Әлтаев А.Мырзахметов ісі бойынша күдікті деп қамауға алынды

08.06.2023

«Воды!»: Жители Астаны докричались до Токаева

07.06.2023

Последний звонок: почему не спит Гани Бейсембаев?

31.05.2023

Экибастузский скандал до Карабаева доведет

29.05.2023

«Ноғаев мырза, су қайда?». Ақтаулықтар сусыз отыр

29.05.2023
MalimBlocks
«Қазақстан барысы» Жоламановтың ағасы  43 млн қарызын қайтармай жүр  

Сот процесі кезінде Қамабеков ондай қолхатты мүлде жазбағандығын айтып, Жоламановтың сөзін теріске шығарған

Н.Әлтаев А.Мырзахметов ісі бойынша күдікті деп қамауға алынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таңертең бұрынғы депутат Нұржан Әлтаевқа қозғалған қылмыстық іске байланысты хабарлама таратты.

«Воды!»: Жители Астаны докричались до Токаева

Жители Астаны, накануне перекрывшие одну из городских улиц в знак протеста против отключения воды, докричались до самого президента. В среду, 7 июля, Касым-Жомарт Токаев принял акима города Жениса Касымбека.

Последний звонок: почему не спит Гани Бейсембаев?

Родители школьников, недовольные увеличением учебного года до 31 мая, не дают покоя министру просвещения Гани Бейсембаеву. Круглые сутки его ведомство мониторит социальные сети, чтобы понять, что делать с переносом последнего звонка дальше.

Экибастузский скандал до Карабаева доведет

Жители Экибастуза, уставшие выступать против строительства жилой этажки возле школы №23, хотят, вынести сор из избы. Они считают, что в дело должен вмешаться министр по инвестициям и инфраструктурному развитию Марат Карабаев.

«Ноғаев мырза, су қайда?». Ақтаулықтар сусыз отыр

Олар амалдың жоқтығынан үйінің төбесіне әкімнің есімін жазып қойған