Граффити мен есірткі: Өнер мен қылмыс

Берік Жанатханұлы

  • 20.07.2021

Граффити қала мәдениетімен бірге дамыған көркем өнердің бірі десек болады. Тарихы сонау ежелгі Грекия, Рим, Мысыр дәуірлеріне кететін өнер түрі қабырғаларға сурет салумен басталған. Өнердің тәуелсіз түрі саналатын бұл саласы шығармашылық иелерінің өз көзқарасын білдіруге де қолданады. Қаланың ескі ғимараттарының қабырғаларына, әртүрлі бетон қабырғаларға сурет салу арқылы қала көркін әсемдеуге де қолданады. Бірақ білімді өз орнына жұмсасаң ғана білім, өнерді өнер үшін қолдансаң ғана өнер болмақ. Дүниенің білімін жинаған қылмыскерлерді де тарихтан біліп жатамыз. Мәселен Гитлерді әріпті таяқ деп білмейтін адам деп айта алмас едіңіз ғой. Осы сияқты өнерді де қылмыс жолына жұмсау – қылмыс деп есептеледі. Оны өнер деп ақтауға да, мақтауға да болмайды.

Кейбір көше суретшілері рұқсат етпейтін жерге сурет салып, жауапқа тартылып жатады. Ал рұқсаты жоқ, тіпті, қоғамға зияны да есірткі жарнамалап граффити салатындар туралы не айтуға болады?

Елімізде граффити арқылы есірткі жарнамалайтын топтар көбейіп кетті. Олардың салған суреттерін жойып, қоғамның тыныштығын сақтап жүрген тәртіп сақшылары бар. Мәселен Жамбыл облысының полиция қызметкерлері 2021 жылдың басынан бері ғимараттар қабырғасына салынған алты жүз елуден астам есірткі граффитиді өшіріп, наразылықтарын білдірді. Тәртіп сақшыларының бұл әрекеті – мемлекеттік әрекеті деп есептеледі. Өйткені елімізде есірткімен күресетін бірнеше акциялар бар. Олардың ірісі «Қарасора» республикалық акциясы. Үлкен операция ыңғайында республика деңгейінде дүркін-дүркін өтіп жатады. Ал жер-жерде жергілікті атқарушы органдар өздері акция ұйымдастырып, есірткімен күресіп жатады.
Шілде айының басында Жамбыл облысында полиция қызметкерлері еріктілермен бірлесіп «Тараз есірткіге қарсы» акциясын сәтті өткізген болатын. Акция кезінде есірткі сататын сайттарды жарнамалайтын Тараз қаласындағы үйлер мен ғимараттардың қабырғаларына салынған граффити жазбалар өшіріліп, жойылған еді. Сол рейд нәтижесінде Тараз қаласында шілде айында жүз отыздан астам граффити, ал жыл басынан берғысын есепке алғанда алты жүз елуден астам жазбаның көзі құрыған болатын.

Осы жұмыстың жемісі деп білуіміз керек, Жамбыл облысының полиция қызметкерлері ғаламтор желісіне мониторинг жүргізу арқылы Telegram қосымшасында жұмыс істейтін  отыз бес электронды сайтын анықтаған болатын. Едел-жедел тиісті шаралар қолданылып, есірткі жарнамалайтын арналар бұғаттаып, сайттар мен жазбаларды орналастыруға қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жаты. Оны да жақын арада анықтап, қылмыскерді жазаға тартарына күмән жоқ. Жамбыл облысының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков есірткі жарнамалауға, таратуға қатысы бар адамдарды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне сәйкес қандай жаза күтіп тұрғанын айтты.

«Граффити жазғаны және интернетте көрсетілген мәліметтерді таратқаны үшін Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы 1-бөлігі яғни, есірткіні насихаттау немесе заңсыз жарнамалауға үш жылға дейінгі мерзімге, 2-бөлігі бойынша үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы көзделген. Есірткі белгісін жасайтындар есірткі саудалағаны үшін жауап береді және Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады, онда бес жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал жалпы білім беру мекемелерінде есірткі заттарын өткізгені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген», – деді Жамбыл облысының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Оңтүстік астанамыз Алматы шаһарында да есірткі жарнамалаудың осы бір жолы тыйылмай тұр. Бұл айда Алматы қаласының екі ауданында есірткіні насихаттау үшін салынған жүз елуге жуық граффити жойылды.
Алатау және Наурызбай аудандарында «Жастар саясатын дамыту» мемлекеттік қорының еріктілерімен бірлесіп өткізілген республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында синтетикалық есірткінің таралуы туралы ақпаратты насихаттайтын граффити жазуларды анықтауға және жоюға бағытталған акция өткізілген еді. Бұл шарада да граффити-жарнамалар көптеп кездесті, бәрі тегіс жойылды. Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов Алматыда бұл шара қалай өткенін айтты.

«Акция аясында тұрғын үйлердің, гараждардың, әкімшілік ғимараттардың қабырғаларында есірткінің таралуын насихаттайтын сайттар жарнамасы бар трафареттер мен граффити боялды. Акцияны қалалық полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері және Алатау ауданының полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары, сондай-ақ жиырма ерікті жүргізді. Алатау ауданының аумағында жүз жиырма үш граффити-жарнама боялды», – дейді Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Ал Наурызбай ауданында  «Жастар саясатын дамыту» мемлекеттік қорының еріктілерімен бірлесіп өткізілген республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында жиырма граффити-жарнама анықталған. Бұл ауданда осы акцияға есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының жеке құрамы, сондай-ақ Наурызбай ауданының полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекциясының он қызметкері және мемлекеттік қордың жиырма еріктісі қатысқан.

Мемлекеттік есірткіге қарсы бұндай шаралары толастасы анық. Бір шошытары ел ілінде есірткі жарнамалайтын, оны өнермен араластыратын азаматтардың пайда болғаны. Әрине, есірткі сатам дейтіндер, нашақор болам дейтін мына қоғамда бәрін табады. ал граффитиді теріс жолға пайдаланып, малданып жүргендерді қалай түсінуе болады. Бәлкім, граффити өнер емес шығар... Ал есірткі... есірткі шегу «өнер» емес...

Байланысты жаналықтар

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

31.07.2024

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024
MalimBlocks
Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

Атом электр стансасы салынар болса, Қазақстанда тағы бір «Қошқар ата» полигоны пайда болуы мүмкін.

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!