«КаспийЦемент» жұмысшылары президенттен еңбек дауын шешіп беруді сұрады

Маңғыстау облысында «Каспий цемент» ЖШС жұмысшылары екі күннен бері наразылық білдіріп, жұмысын тоқтатты.

  • 11.11.2021

Маңғыстау облысында «Каспий цемент» ЖШС жұмысшылары екі күннен бері наразылық білдіріп, жұмысын тоқтатты. Жүз елуден астам жұмысшы мекеме басшылығынан еңбекақыларын өсіруді талап етіп отырғанын хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Жұмысшылардың наразылығына байланысты әзірге мекеме басшылығы нақты шешім қабылдаған жоқ. Кеше талап қойғандармен кездесу өткенімен, мәселе оң шешімін таппаған.

«Құрметі Қасымжомарт Кемелұлы! Сізге Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе елдімекенінде орналасқан «КаспийЦемент» ЖШС және «КаспийНейрон» мекемелерінің жұмысшылары 2019 жылдан бері қордаланып , жұмыс берушімен еңбек дауы әлі шешімін тапқан жоқ. Осы мәселеге араласып, шешіп беруңізді сұраймыз»,- деп жұмысшылар президентке үндеу жолдады.

 Кәсіпорын жұмысшы Асылбектің айтуынша кеше аудан әкімі келіп кездесу өткізген. Алайда әзірге ештеңе шешілмеді.

«Біздің мекеменің жұмысшыларының талабы – еңбекақыны көтеру. Себебі, инфляциядан кейін біздің айлығымыз мардымсыз болып отыр.  Жүз елу мыңға жетпес айлық аламыз. Соны алпыс пайызға көтерсін. Жұмысты тоқтатып, талабымыздың орындалуын күтеміз. Кеше жоғарыдағы басшылық келіссе шешіледі деген. Алайда кешке дейін күткенімізбен біздің талабымызға келіспейтіндіктерін айтты»,- дейді Асылбек. 

Аталған мекемеде жұмысшыларының негізгі бөлігін Маңғыстау ауданының тұрғындары құрайды. Негізгі құрылтайшысы «HeidelbergCement» компаниясы Қазақстан нарығында 2005 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Ал Маңғыстау ауданындағы «КаспийЦемент» ЖШС 2014 жылы ашылған.

Айта кетерлігі, өткен айда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспары қабылданған болатын. Сол жоспар бойынша, Маңғыстау облысының дамуына 2025 жылға дейін 2,1 трлн теңге бөлінбек. Сондай-ақ, осы өңірге арнайы барған президент облыс басшылығына еңбекақы дауларын реттеу мен азаматтардың шағымын дұрыс шешуді тапсырған болатын. 

Әліби Ерқосай

Байланысты жаналықтар

Үш баланы өлтіру. Полицейлер бірін бірі терістеп жатыр.

04.05.2023

«Жауабыңыз қабылданбайды» – Әбдіғалиұлының сөзі Смайыловқа ұнамай қалды

17.01.2023

Каспий итбалығының тағдыры: Балықшылар, мұнайшылар, емшілер және жүкті әйелдер

14.06.2022

Ереуілге шыққандар айлықтарын көбейтіп алды

12.11.2021

Ноғаевтың бір орынбасары қызметінен кетті

10.11.2021

Ақтау шенділері жарылыстан жан сақтау бөліміне түскендер жоқ дейді

08.11.2021
MalimBlocks
Үш баланы өлтіру. Полицейлер бірін бірі терістеп жатыр.

«Сириядағы соғысқа қатыспаған». Бір жарым ай бұрын Ақтауда ажырасқан әйелінде кеткен үш баласын қастандықпен өлтірген әкенің діни жат ағымның жетегінде кеткені туралы ел арасында түрлі әңгіме айтылған еді

«Жауабыңыз қабылданбайды» – Әбдіғалиұлының сөзі Смайыловқа ұнамай қалды

Бюджеттен ақшаның кешігіп түсу себебін отырыста баяндама жасаған Қуантыровтан да бір сұрай салуы керек пе еді...

Каспий итбалығының тағдыры: Балықшылар, мұнайшылар, емшілер және жүкті әйелдер

Каспий итбалығы – Қазақстанды мекен еткен теңіздегі жалғыз сүтқоректі жануар. Кезінде жануардың терісі мен майы бағалы болғандықтан, есепсіз қырылған. 2008 жылы жоғалып кетуі мүмкін жануар ретінде Халықаралық табиғатты қорғау ұйымының тізіміне енсе, 2020 жылдан бері Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Malim Media санаулы қалған Каспий итбалығының сақтау үшін Қазақстан билігі қандай шара қолданып жатқанын зерттеп көрді.

Ереуілге шыққандар айлықтарын көбейтіп алды

Ноғаевтың бір орынбасары қызметінен кетті

Ақтау шенділері жарылыстан жан сақтау бөліміне түскендер жоқ дейді