Мектеп мұғалімін міндетінен тыс жұмысқа тартқандар жазаланды

Malim Админ

  • 30.03.2021

Алматыда мектеп мұғалімін міндетіне жатпайтын жұмысқа тартқан аудандық білім бөлімінің қызметкері жазаланды. Бұл туралы Алматы қаласы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева брифинг кезінде мәлімдеді.

Алматыдағы педагогтардың құқығын қорғау жөніндегі консультативті-кеңес органы "Педагог мәртебесі" туралы заңды бұзған бірнеше құқықбұзушылықты анықтады. Алматыдағы педагогтардың құқығын қорғау жөніндегі консультативті-кеңес органы биылғы жылдың қаңтарында құрылған болатын. Бұл кеңестің мақсаты "Білім беру" мен "Педагогтар мәртебесі" туралы заңның сақталуын қадағалау және педагогикалық этика мәселелерін шешіп, ұстаздар құқығын қорғау.

Осы орган құрылғалы бері оған бірнеше ұстаз "Педагогтар мәртебесі" туралы заңның бұзылғанын хабарлап шағымданған. Мысалы, қаладағы мектептердің бірінде жұмыс істейтін мұғалім қызметтік міндетіне жатпайтын жұмыстарға тартылғанын айтып шағымданды. Алматы қаласы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаеваның айтуынша, іс қаралып, нәтижесінде аудандық білім беру бөлімінің қызметкері әкімшілік кодекстің 409-бабы бойынша іс қозғалып, әкімшілік жазаға тартылды.

2019 жылдың желтоқсанында "Педагог мәртебесі туралы" заң қабылданды. Осы заңға сәйкес, педагогті кәсіби міндетіне байланысты емес жұмыс түріне тартуға, заңнамада көзделмеген есептілікті не ақпаратты ұсынуды талап етуге, тауарлар мен көрсетілген қызметтерді сатып алу бойынша міндетті жүктеуге тыйым салынған. "Педагог мәртебесі туралы" заңның 6-бабының 2-тармағының талаптары осындай. Ал бұл тармақтағы талаптарды бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылады. Мысалы, ұстаздарды кәсіби міндетіне байланысты емес жұмыс түріне тарту немесе заңнамада көрсетілмеген есептілікті талап ету, ұстаздарға тауарлар мен қызметтерді сатып алуды міндеттеу және мемлекеттік емес мекемелердің іс-шарасын өткізуге тарту Әкімшілік кодекстің 409-бабы 7-3-тармағы бойынша ескерту арқылы жазаланады. Егер бұл әрекет бір жылдың ішінде тағы қайталанса, "Педагог мәртебесі туралы" заңның жоғарыдағы баптарын бұзғандар  әкімшілік кодекстің 409-бабы 7-4-тармағы бойынша 20 айлық есептік көрсеткіштен(өкілетті тұлғаларға)  120 айлық есептік көрсеткішке  (ірі кәсіпкерлік субъектілері) дейін айыппұл салынады. Астын сызып айтатын нәрсе, педагогтың ар-намысы мн қаідір-қасиетін қорғауға да заңның бір тармағы арналған. Егер жеке тұлғалар мұғалімге тіл тигізсе, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бұл бапты екінші мәрте бұзғандарға 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024

Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

18.12.2024

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

03.12.2024

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

13.11.2024

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

11.11.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024
MalimBlocks
Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.

Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

Марқұм ұстазымыз Үшкілтай апай, Қабиболла ағай, менің достарым Тоқтар Әлібек, Қарашаш Алпысбаева, Бақыт Әбжет – бұлардың бәрі қолжазбаның зияны тиген адамдар.

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

1922 жылға дейін Әлихан тек қазақ және орыс тілін білген. Ол кезде оның жасы 50-ден асқан еді. Логикаға салсақ, осыдан кейін 9 тіл біліп кетуі де екіталай ғой.

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

Қазақша сөйлеуді алдымен мемлекеттік қызметкер меңгеруі тиіс деп түсіндіру – бұқаралық сананы теріс бағыттау

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.