Оқу мәдениетін қалыптастыру – білімді ұлт болудың басы

  • 13.03.2023

 

Оқу интелектуалдық ойлау жүйесінің қайнар көзі ғана емес, әлемді, ғаламды, тарихты тану әдісінің бірі.

Кітап оқу адамның ішкі мәдениеттілігі мен тұлға болып қалыптасудағы орны, адам тірлігіндегі рухани  құндылықтарды білуіне орасан зор ықпал етеді. Қазіргі ғаламтордың өте жылдам дамып жатқан кезеңінде кітап оқу азайып бара жатқаны мәлім. Бұл бүкіл әлемдік үлкен трагедияға айналып бара жатыр. Кітап оқуды қоғам болып насихаттауға тиіспіз. Оқу ер мен әйел, үлкен-жас не кәрілікке бөлінбейді, оқу қай кезде де көкірек санасын оятар күш. Бейбіт, дамыған елдер қатарында болғымыз келсе, ең алдымен білімді қоғам қалыптастыруымыз керек. Өркениет те, мәдениет те – кітапта.

Әдебиет ол туған тіліміздің энциклопедиясымен пара-пар. Әдебиет арқылы ұрпақтар сабақтастығы мен тіліміздің тарихын, салт-дәстүрін, идеологияны, шежіремізді білуге мүмкіндік  аламыз. Оқу арқылы біз өз-өзімізді тануға, тілдесу дағдымызды реттеуге, ойды дамытуымызға, сөздік қорымызды байытуға үлкен сабақ аламыз. 

Оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында елімізде бірқатар іс-шаралар мен жобалар атқарылып жатыр. Соның бірі «Оқитын өлке» облыстық акциясы. Бұл акцияның мақсаты мен міндеті – оқу мәдениетін қолдау, дамыту, тарихи-мәдени, рухани құндылықтарды сақтай отырып жастар мен қалың жұртшылық арасында ең үздік өлкелік әдеби туындыларды насихаттау. Ең үздік деген туындыны жергілікті ақын-жазушы шығармаларын жастарға таныту, жастардың отандық әдебиетке, поэзияға, классикаға  деген қызығушылы мен сүйіспеншіліктерін арттыру.  Акцияға қатысушылардың кітапті телефон  арқылы, мекемелер мен ұйымдарда жүргізілген сұрақтар мен сауалнамалар арқылы таңдауға мүмкіндіктері бар. Облыс жұртшылығы кітапты бір мезетте оқып, оны талқылайды. Оқу үшін кітаптардың жанры сан алуан, көркемдік жағынан құнды, кітап дүкендері мен кітапханаларда жеткілікті, барлық жастағы адамдар үшін қызықты әрі талқылауға, пікірсайыс тудыруға ынталандыру қажет.

Оқу қоғамның қай саласында болсын ең негізгі орын алады. Оқу мәдениетін мектеп қабырғасынан жастардың санасына сіңіріп қалыптастуды қолға алу керек. «Білім – инемен құдық қазғандай» деген нақыл сөз бар. Білімді ұрпақ пен білімді ұлт қалыптасрыру болшағымызға жасалған үлкен инвестиция. Заманға сай адам болу, әлемдік технологияларды игере алу, жеке тұлғалық көзқарас қалыптастыру да білімнен.

Білім қашан да өмірлік қажеттілігің мен болашағыңа жинаған үлкен қазына. Сол себепті, кітап оқитын, интеллектуал ұлт қалыптастыру үшін бұл атқарылып жатқан шаруалардың маңызы өте зор.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін