Оқушылар коронавирусқа қатысты каникулға шығады

Қазақстандық оқушылар уақытынан бұрын каникулға шығады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы ТОҒЖАНОВ айтты.
«Орта білім беретін ұйымдарда 2020 жылдың 16 наурыз бен 5 сәуір аралығында ерте каникулға шығады. 16 наурыздан бастап арнайы білім беретін ұйымдар мен ЖОО-ларда сабақ қашықтан жүргізіле бастайды», деді Тоғжанов корнавирусқа қатысты арнайы баспасөз жиынында.
Бірақ, балабақшалар жұмысын жалғастыра беретін болады.
Айта кету керек, Қазақстанда тіркелмегенмен әлемге таралып жатқан коронавирустан сақтану бойынша бірқатар қауіпсіздік шаралары қарастырылып жатыр.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Әскери қызметтен кетпесем, үш баламен жалғыз қалуым мүмкін еді
Нұрсұлу Уразбаева – отбасылық психолог. Бірнеше жыл әскери салада қызмет еткен ол өміріндегі қиындықтардың шешімін психологиядан тапқан. Кейіпкеріміз ата-анасының өмірін қайталаудан қорқып, жаңа салаға бет бұрған. Нұрсұлу үш жыл бұрын психологияға қызыға бастамаса, бүгінде күйеуінен ажырасып, үш баласын әкесіз тәрбиелеп отыруы да мүмкін еді. Өзі солай дейді.